Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 25.07.2024 № 17/4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 27/7 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2579 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 11 (14) "Вести Темиртау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Көрсетілген шешіммен бекітілген, Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы ережесінің 18-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтінішпен қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
2) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім алғаш жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ф. Валеев |
Мәслихат хатшысы | В. Свиридов |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Теміртау қаласының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | |
______________________Ю.Ким |
20 тамыздағы 2014 ж.
_______________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі өтініш
Мен _________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы тұрғын меншік үйдің иесі (жолдаушы) болып табыламын, жеке куәлік № _______________,
_________________________________________ берілген.
Мына мекен-жай бойынша тұрып жатқан ________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________менің ____ адамнан
құралатын отбасыма тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынылатын тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.
№ | Өтініш беруші отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Туылған күні | Туыстық қатынасы | Әлеуметтік мәртебесі |
Өтінішке қоса қажетті құжаттарды ____ данада ұсынып отырмын.
Жеке шоттың № ________________________________________, банктің
атауы _____________________________________________________________
Күні "____"__________ 20____ж.
Өтініш берушінің қолы ________________________