"Сәтбаев қалалық маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 263 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қыркүйекте № 2748 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы N 280 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 07.11.2014 N 280 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қалалық маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2005 жылғы 8 маусымдағы ХІХ сессиясының № 210 "Сәтбаев қалалық маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешімі жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ. Әділбаев

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Т. Хмилярчук

Сәтбаев қалалық мәслихатының
2014 жылғы 20 тамыздағы
30 сессиясының № 263 шешімімен
бекітілген

"Сәтбаев қалалық маслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Сәтбаев қалалық маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Сәтбаев қалалық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 101302, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – "Сәтбаев қалалық маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: Сәтбаев қалалық мәслихатының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      1) қалалық мәслихаттың және депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
      2) депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету;
      3) қалалық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
      15. Функциялары:
      1) мәслихат сессияларын өткізудің әзірлік және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету;
      2) жалпы отырыстарға, тұрақты және уақытша комиссия отырыстарына қатысу, мәслихат шешімдерінің, комиссиялардың қорытындыларының және мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
      3) "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органына мемлекеттік тіркеуге ресімдеу және ұсыну;
      4) мәслихат Регламентіне сәйкес сессия хаттамаларын, шешімдер жинағын ресімдеу;
      5) сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға әзірлеу және олардың орындалысына бақылау жасау;
      6) депутаттық корпусты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мәслихат депутаттарына өз өкiлеттiктерiнің жүзеге асырылуына жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, депутаттар сауалдарының және өтiнiштерінiң уақытылы қаралуына бақылау жасау;
      7) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде депутаттармен айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді қорытындылап, есепке алуды жүргізу;
      8) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын есепке алу, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және өзге де мүдделі тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру;
      9) іс жүргізуді және мәслихаттың шешімдері мен өзге де құжаттардың таратылуын қамтамасыз ету, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету;
      10) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесіне сәйкес есепке алу және есептілікті жүргізу;
      11) мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қамтамасыз ету;
      12) кадрлық жұмыстарды жүзеге асыру;
      13) қаланың сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұйымдастырушылық жұмыстар.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      мемлекеттік мекеме өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, шарт жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
      2) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
      3) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.
      18. Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда қалалық мәслихат атынан өкiл болады;
      2) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      3) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      4) мемлекеттік мекеменің аппарат басшысының, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің басқа қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      5) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      6) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
      7) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады;
      8) қалалық мәслихаттың шешімдеріне және мәслихат хатшысының өкімдеріне қол қояды;
      9) қалалық мәслихат хатшысының және мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;
      10) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарауындағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылы үшін дербес жауапты болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды.
      Қалалық мәслихаттың мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасаудың әр фактісі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпте басшының дербес жауаптылығы қаралуы тиіс.
      20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде өкілеттігін орындауды мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты жүзеге асырады.
      21. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мемлекеттік мекеменің мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Сатпаевского городского маслихата"

Решение Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 20 августа 2014 года № 263. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 19 сентября 2014 года № 2748. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 7 ноября 2014 года N 280

      Сноска. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 07.11.2014 N 280 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Сатпаевского городского маслихата".
      2. Отменить решение ХІХ сессии Сатпаевского городского маслихата от 8 июня 2005 года № 210 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат Сатпаевского городского маслихата".
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        К. Адилбаев

      Секретарь городского маслихата             Т. Хмилярчук

Утверждено
решением 30 сессии
Сатпаевского городского маслихата
от 20 августа 2014 года № 263

Положение государственного учреждения
"Аппарат Сатпаевского городского маслихата"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Сатпаевского городского маслихата" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение Сатпаевского городского маслихата, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.
      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря городского маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      8. Местонахождение государственного учреждения: Республика Казахстан, индекс 101302, Карагандинская область, город Сатпаев, проспект Академика Каныша Сатпаева, 108.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Аппарат Сатпаевского городского маслихата".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.
      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия: обеспечение деятельности Сатпаевского городского маслихата и депутатов.
      14. Задачи:
      1) осуществление организационного, правового, материально-технического обеспечения деятельности городского маслихата и депутатов;
      2) оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий;
      3) обеспечение соблюдения законности в деятельности городского маслихата;
      4) содействие исполнению гражданами и организациями норм Конституции Республики Казахстан, законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов.
      15. Функции:
      1) обеспечение подготовительной и организационно-технической работы проведения сессий маслихата;
      2) участие на пленарных заседаниях, заседаниях постоянных и временных комиссий, оказание помощи депутатам в вопросах подготовки проектов решений, заключений комиссий и решений маслихата;
      3) оформление и представление на государственную регистрацию в органы юстиции решений сессий маслихата, носящих нормативно-правовой характер, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О нормативных правовых актах";
      4) оформление протоколов сессий, сборников решений в соответствии с Регламентом маслихата;
      5) подготовка материалов сессий к публикации в средствах массовой информации и контроль за их исполнением;
      6) осуществление организационного, правового, материально-технического и иного обеспечения депутатского корпуса, содействие депутатам маслихата в осуществлении их полномочий, оказание консультативной и методической помощи, контроль своевременности рассмотрения их запросов и обращений;
      7) ведение учета и обобщение предложений и замечаний, высказываемых депутатами при осуществлении ими своих полномочий;
      8) ведение учета предложений государственных и негосударственных организаций, организация встреч депутатов с представителями этих организаций и другими заинтересованными лицами;
      9) ведение делопроизводства и обеспечение рассылки решений и других документов маслихата, обеспечение информационного обмена в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан "Об административных процедурах";
      10) ведение учета и отчетности на основании Закона Республики Казахстан "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц" и в соответствии с правилами учета обращений физических и юридических лиц;
      11) документационное обеспечение деятельности маслихата, рассмотрение служебных документов, писем и заявлений, организация приема граждан, обеспечение функционирования делопроизводства на государственном и русском языках;
      12) осуществление кадровой работы;
      13) организационные работы по формированию составов избирательных комиссий города.
      16. Права и обязанности:
      для осуществления своих функций государственное учреждение имеет право:
      1) вступать в гражданско-правовые отношения с юридическими и физическими лицами, заключать договора и осуществлять иную деятельность, не противоречащую действующему законодательству;
      2) запрашивать и получать от предприятий, учреждений и организаций всех форм собственности необходимую информацию, документы и иные материалы;
      3) вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями;
      4) осуществлять иные полномочия, определенные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственном учреждением осуществляется первым руководителем – секретарем Сатпаевского городского маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций.
      18. Секретарь Сатпаевского городского маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:
      1) представляет городской маслихат во всех государственных органах и иных организациях в соответствии с действующим законодательством;
      2) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      3) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата и депутатских групп;
      4) определяет обязанности и полномочия руководителя аппарата, а также всех работников государственного учреждения;
      5) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения;
      6) в установленном законодательством порядке применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников государственного учреждения;
      7) в установленном законодательством порядке заключает договора о государственных закупках;
      8) подписывает решения городского маслихата и распоряжения секретаря маслихата;
      9) выдает доверенности на представление интересов секретаря городского маслихата и государственного учреждения;
      10) принимает меры, направленные на противодействие коррупции, и несет персональную ответственность по противодействию коррупционным правонарушениям подотчетных лиц в соответствии с Законом Республики Казахстан "О борьбе с коррупцией".
      20. Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.
      21. С истечением срока полномочий маслихата, в случаях досрочного прекращения полномочий маслихата и выборов нового состава его депутатов, деятельность государственных служащих государственного учреждения не прекращается.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.