1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы өтініш беру кезінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
2. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы тұрғын үй құрылысы және сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - өтініш беру кезінде бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, маманмен мәлімделген сомадағы бюджеттік кредит түрінде берілсін.
3. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді жүзеге асыру жөніндегі шараларды Қаулыға сәйкес қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Н.Г. Белан).
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Бахраева |
Абай аудандық | |
мәслихатының | |
хатшысы | Б. Цай |
КЕЛІСІЛДІ:
"Абай ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б. Муталяпова
23.12.2014г.