Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/320 "Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2676 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) "Абай – Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
1) мемлекеттік тіліндегі Абай аудандық мәслихаты регламентінің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: "1. Абай аудандық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9 бабына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.";
2) мемлекеттік тіліндегі Абай аудандық мәслихаты регламентінің 10 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: "10. Регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде депутат қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады, оған жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы, бірақ көрсетілген қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппарат басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихаттың сессиялары, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеледі.";
3) орыс тіліндегі Абай аудандық мәслихаты регламентінің 15 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: "15. Заседания маслихата проводятся в определенное маслихатом время. Председатель сессии может объявить перерывы по собственной инициативе или мотивированному предложению депутатов. В конце пленарного заседания отводится время для выступления депутатов с краткими заявлениями и сообщениями, прения по которым не открываются.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Г. Бахраева Б. Цай |