Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10.09.2014 N 5 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10.09.2014 N 5 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары 2014 жылы ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10.09.2014 N 5 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Грушевский |
Мәслихат хатшысы | А. Жүніспеков |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Бұқар жырау ауданының экономика | |
және қаржы бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | |
С.К. Аймагамбетова |
2014 жылғы 28 ақпан