Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 57/01 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2492 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 16 қаңтардағы, 2014 жылғы 18 қаңтардағы № 3 (7383) «Сельский труженик» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген, Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларының орыс тіліндегі мәтінде 4 тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Порядок использования животных, поступивших в районную коммунальную собственность».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
С. Аймақов |