Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 07.08.2018 № 27/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуіріндегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | А. Әбдіқадырова |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Ә. Оразбекұлы |
Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 27/5 шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 13.12.2017 № 17/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган ) жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаментінің Шиелі аудандық бөлімі және "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінің 11015 нөмірімен тіркелген) 1-қосымшасымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9- тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
4. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген).
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
1) электр энергиясын пайдалану 1 айға:
4 адамға дейінгі мүшесі бар отбасының әр мүшесіне – 70 киловатт;
4 және одан да көп мүшесі бар отбасына – 230 киловатт;
2) газбен жабдықтау 1 айға;
4 адамға дейінгі мүшесі бар отбасына – 10 килограмм;
4 және одан да көп мүшесі бар отбасына – 20 килограмм;
3) отынды (көмірді) жылыту маусымында пайдалану – әр отбасына (азаматқа) айына 0,667 тонна;
4) ыстық және салқын су – ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
5) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
6) кәріз қызметтері – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
7) жалға алынған тұрғын үй шығынына айына – әр отбасына 1,5 айлық есептік көрсеткіш.
3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
6. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының есеп шоттарына екінші денгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы және шоттарға ақшалай сомаларды аудару ай сайын жүргізіледі.