"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шиелі аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Қ. Шәукебаев |
Шиелі аудандық | |
мәслихат хатшысы | Ә. Оразбекұлы |
"Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
1. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Шиелі аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шиелі аудандық мәслихат хатшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі, 6
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:
1) "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі аптада 5 (бес) күн жұмыс істейді;
2) "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысы жерігілікті уақыт бойынша сағат 09.00 де басталып, 19.00 де аяқталады. Үзіліс: сағат 13.00 ден 15.00 ге дейін;
3) сенбі, жексенбі күндері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі жұмыс істемейді.
12. Осы Ереже "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
14. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:Ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылатын Шиелі аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
16. Міндеттері:
Шиелі аудандық мәслихат депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
17. Функциялары:
“Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде Шиелі аудандық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
3) азаматтардың (сайлаушылардың) мәслихатқа жолдаған хаттарын, арыз-шағымдарын тіркейді және қарайды, депутаттардың назарына жеткізеді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда олар бойынша жауап дайындайды;
4) "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
5) Шиелі аудандық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды әділет органдарына тіркеуге жолдайды;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Шиелі аудандық мәслихатының шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
7) Шиелі аудандық мәслихатының ic-жүргізу қызметін жүргізеді;
8) мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.20. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі аудандық мәслихатының сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
21. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
22. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) заңнамаға сәйкес аппарат қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
6) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
7) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
8) аудан әкiміне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
9) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
10) мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
11) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихаты атынан өкiл болады;
12) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
13) заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
14) "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Шиелі аудандық мәслихатының шешiмдеріне сәйкес өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
"Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
23. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Шиелі аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.
24. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіннің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.