Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысының 25.12.2015 № 08-37-2617 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
осы қаулыға 1–қосымшаға сәйкес 2014 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері;
осы қаулыға 2–қосымшаға сәйкес 2014 жылға мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері.
2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. Ерғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Г.С. Исаева
27.03.2014 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 54 қаулысына
1–қосымша
2014 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға
субсидиялар көлемдері
№ |
Субсидиялау бағыты |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Субсидияланатын көлем, бас |
Субсидия сомасы, мың теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту | ||||
---|---|---|---|---|
1 |
Отандық асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу |
154 000 |
86 |
13 244,0 |
2 |
Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу: асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы |
1 500 |
15 464 |
23 196,0 |
3 |
Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу |
8 000 |
254 |
2 032,0 |
4 |
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу |
40 000 |
137 |
5 480,0 |
5 |
Асыл тұқымды түйелерді сатып алу |
37 000 |
14 |
518,0 |
Барлығы |
44 470,0 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 54 қаулысына
2-қосымша
2014 жылға мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№ |
Субсидиялау бағыттары |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Субсидияланатын көлем, кг |
Субсидия сомасы, мың теңге |
Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату: |
||||
1 |
Түйе еті |
90 |
10 000 |
900,0 |
2 |
Шұбат |
55 |
545 000 |
29 975,0 |
3 |
Жылқы еті |
92 |
10 000 |
920,0 |
4 |
Қой еті |
100 |
51 250 |
5 125,0 |
Барлығы |
36 920,0 |
---|