РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері мен субсидиялардың нормалары:
1) осы қаулының 1 – қосымшасына сәйкес отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);
2) осы қаулының 2 – қосымшасына сәйкес тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.
2. "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (К. Ерғалиев):
осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков
22 тамызда 2014 ж.
"Маңғыстау облысының
қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Б. Альбекова
22 тамызда 2014 ж.
"Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Ұ. Ұланова
22 тамызда 2014 ж.
"Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
К. Ерғалиев
22 тамызда 2014 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 тамызда № 22 тамызда қаулысына 1-қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері мен отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары
№ р/с | Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері | Өлшем бірлігі | Бір бірлік құнын арзандату пайызы | Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге |
1 | Аммиак селитрасы (N- 34,4 %) | тонна | 50 | 28 900 |
2 | Аммофос (N- 10 %; P2О5 – 46 %) | тонна | 50 | 45 000 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 тамыз № 201 қаулысына 2-қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері мен тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары
№ р/с | Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері | Өлшем бірлігі | Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін | Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге |
1 | Новалон (N-13: P-40: K-13+ ТЕ) | килограмм | 30 | 156 |
2 | Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO +TE) | килограмм | 30 | 137 |
3 | Новалон (N-03: P-07: K-37 + 2MgO +TE) | килограмм | 30 | 141 |
4 | Монокалий фосфат | тонна | 30 | 50 000 |
5 | Суға ерігіш кальций нитраты (кальций селитрасы) | тонна | 30 | 32 800 |
6 | Калий нитраты | тонна | 30 | 52 000 |
7 | Магний сульфаты | тонна | 30 | 34 400 |