РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қарақия аудандық мәслихатының және Қарақия ауданы әкімдігінің ұсынысын қарап, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 70-1 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/119 «Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін «ауыл (село)» санатына жатқызу туралы» қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2235 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2013 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулы мен шешімнің тақырыбында, кіріспеде және 1-тармағында:
мемлекеттік тілдегі «(село)» сөзі алынып тасталсын;
орыс тіліндегі «аул» (село)» сөздері «село» сөзімен ауыстырылсын.
2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Сессия төрағасы Б. Сарман
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов