РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2014 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55 жастан асқан ерлер;
4) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс жасамаған тұлғалар.
2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Н. Хайрлиева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы қаулының интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 26.05.2014 № 740 қаулысымен
Қала әкiмi Е. Жаңбыршин
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
басшысы
Г. Хайрлиева
06 желтоқсан 2014 жыл