Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 24/219 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 қазанда № 2511 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 21.10.2016 № 5/58 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, сондай-ақ Ақтау қаласы прокуратурасының 2014 жылғы 4 тамыздағы № 2-110107-14-06396 және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 02-11-1850 ұсынысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 қалалық мәслихаттың шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2338 болып тіркелген, № 20-21 "Маңғыстау" газетінде 2014 жылғы 1 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасындағы:
      6) тармақшасындағы:
      үшінші абзац келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "жетім балалар, ата-аналардың біреуі қайтыс болған балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінде, балалар ауылында тәрбиеленушілер;";
      төртінші абзац келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "балалар, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер немесе біреуі мүгедек болып табылатын;";
      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасындағы:
       6-1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6-1. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мүгедек студенттерге, өтініш берген уақыттың алдыңғы он екі айға, Маңғыстау облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 3-еселік ауқымынан төмен отбасыларға көрсетіледі.".
      2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.Шудабаева).
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М.Сауғабаев
      Мәслихат хатшысы М. Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Хайрлиева
      11 қыркүйек 2014 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Ким
      11 қыркүйек 2014 жыл

О внесении изменений в решение городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 16/154 "Об установлении предельных размеров социальной помощи и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Актау"

Решение Актауского городского маслихата Мангистауской области от 11 сентября 2014 года № 24/219. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 08 октября 2014 года № 2511. Утратило силу-решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 21 октября 2016 года № 5/58

      Сноска. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 21.10.2016 № 5/58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", а также представлениями прокуратуры города Актау от 4 августа 2014 года № 2-110107-14-06396 и департамента юстиции Мангистауской области от 4 августа 2014 года № 02-11-1850, городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 16/154 "Об установлении предельных размеров социальной помощи и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2338, опубликовано в газете "Огни Мангистау" от 01 февраля 2014 года №№ 21-22 ) следующие изменения:
      в приложении 1 к указанному решению:
      в подпункте 6):
      третий абзац изложить в новой редакции следующего содержания:
      "дети-сироты, дети, у которых умер один из родителей, дети, оставшиеся без попечения родителей, воспитанники детских домов, детской деревни;";
      четвертый абзац изложить в новой редакции следующего содержания:
      "дети, оба родителя которых являются пенсионерами по возрасту или один из родителей является инвалидом;";
      в приложении 2 к указанному решению:
      пункт 6-1 изложить в новой редакции следующего содержания:
      "6-1. Социальная помощь студентам-инвалидам на оплату образовательных услуг, обучающимся по очной форме, для получения академической степени бакалавра в учебных заведениях Республики Казахстан, при наличии договора и среднедушевого дохода семьи, ниже 3-х кратной величины прожиточного минимума по Мангистауской области за двенадцать месяцев перед обращением.".
      2. Руководителю аппарата Актауского городского маслихата (Д.Телегенова) после государственной регистрации обеспечить опубликование настоящего решения в информационно- правовой системе "Әділет".
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по социальным вопросам (С. Шудабаева).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Мангистауской области и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии М.Саугабаев
      Секретарь маслихата М.Молдагулов

      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного
      учреждения "Актауский
      городской отдел занятости и
      социальных программ"
      Г. Хайрлиева
      11 сентября 2014 года
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного
      учреждения "Актауский
      городской отдел экономики
      и бюджетного планирования"
      А. Ким
      11 сентября 2014 года