"Жаңаөзен қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылы 04 желтоқсандағы № 569 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 05 мамырдағы № 207 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2014 жылғы 26 мамырда № 2434 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 412 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 10 маусым 2014 № 412 қаулысымен.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жаңаөзен қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылы 04 желтоқсандағы № 569 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 2176 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 45 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесінде:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына» сөздері алынып тасталсын.
      2. Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы (Б. Маркашова) Жаңаөзен қаласы әкімдігінің осы қаулысын әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары И. Сағынбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 


      Қала әкімі                              С. Трұмов
 
 
      «КЕЛІСІЛДІ»:
      «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі басшысы
      Б.Маркашова
      2014 ж.

О внесении изменение в постановление акимата города Жанаозен от 04 декабря 2012 года № 569 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Жанаозен"

Постановление акимата города Жанаозен Мангистауской области от 05 мая 2014 года № 207. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 26 мая 2014 года № 2434. Утратило силу постановлением акимата города Жанаозен Мангистауской области от 10 июня 2014 года № 412.

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Жанаозен Мангистауской области от 10.06.2014 № 412.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», в целях социальной защиты лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, испытывающих трудности в поиске работы, для обеспечения их занятости, акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести следующее изменение в постановление акимата города Жанаозен от 04 декабря 2012 года № 569 «Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Жанаозен» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 14 декабря 2012 года за № 2176, опубликовано 10 декабря 2012 года в газете «Жанаозен» № 45):
      в преамбуле:
      слова «подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» исключить.
      Руководитель Жанаозенского городского отдела занятости и социальных программ государственному учреждению (Маркашова  Б.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления акимата  города Жанаозен в органах юстиции, его офицальное опубликование в средствах массовой информации и размещения в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан «Әділет».
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Сағынбаева. И.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

 
 
      Аким города                             С.Трумов


 
      «СОГЛАСОВАНО»:
      Начальник государственного учреждения
      «Жанаозенский городской отдел занятости
      и социальных программ»
      Маркашова Б.
      2014 г.