РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасы және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2014 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55 жастан асқан ерлер;
4) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс жасамаған адамдар.
2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (О.Б.Жарылғапова) осы қаулы тіркелгеннен кейін оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi Т.Т.Асауов
КЕЛІСІЛДІ:
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Төлеген Жанаргүл Жанайымқызы
06 қаңтар 2014 жыл
«Түпқараған аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Жарылғапова Оразгул Бекиевна
06 қаңтар 2014 жыл