Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 27.01.2016 № 28 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы әкімі аппаратының
басшысы
__________ А. Әбенов
Әкімдіктің
2014 жылғы 23 қаңтардағы
№ 7 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қадиғалары
1. Жалпы ережелері
1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қадиғалары (бұдан әрі – Қағида ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығына сәйкес әзірленген.
2. Қағиданың іс-әрекеті Қостанай облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі- мемлекеттік қызметшілер) таратылады.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексімен (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) және Қағидамен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.
2. Мемлекеттік қызметші мінез-құлқының қағидаттары
3. Мемлекеттік қызметші:
1) қызметтік міндеттерін Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, жалпы қабылданған моральдық және ар-ұждандық қағидаттарға сәйкес жауапты және адал атқарады, Ар-намыс кодексі мен Қағиданың нормаларын бұлжытпай сақтайды;
2) мемлекеттік биліктің беделін, мемлекет институттарына азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын сақтайды, мемлекеттің мүддесін қорғайды;
3) өзіне талап қойғыш, принципті, объективті, сондай-ақ кез келген сыбайлас жемқорлыққа және басқа да құқыққа қарама-қайшы іс-әрекеттердің туындауына төзбейді;
4) жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың, олардың өкілеттіктері шегінде, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың шеңберінде берілген тапсырмаларды уақытылы, сапалы орындайды;
5) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер береді;
6) өндірістік еңбек үшін жұмыс уақытын тиімді пайдаланады және мемлекеттік қызметшінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер туғызатын кез келген жағдайды хабарлайды;
7) мемлекеттік қызметшілердің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекетті жасамайды;
8) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлқы фактілеріне жол бермейді;
9) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей пікірсайысты әдепті түрде жүргізеді;
10) мемлекеттік қызметті алушыларға сапалы, уақытылы, тиімді қызмет көрсету жөнінде шаралар қолданады;
11) еңбек қатынастарын толығымен тоқтатқан кезде өзіне олардың көшірмелерін қалдырмай барлық құжаттамаларды, ақпараттарды береді;
12) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің тек іскерлік қалпын ұстанады.
4. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын ұстанады.