"Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңыңың 9-1-бабының 4-1–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Туленова Г.Ш.) жоғарыда көрсетілген Ереженің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Ахметжанов |
Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 2454 қаулысымен бекітілген |
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қостанай аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының;
2) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің;
3) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қостанай қалалық тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің;
4) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқарушы органы болып табылады.
3. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 36.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті (қалалық) бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қостанай қаласының аумағында жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсетуге жәрдемдесу жолымен халықтың табыс деңгейін арттырудан тұрады.15. Міндеттері:
1) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілуін ұйымдастыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын іске асыру;
4) жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген азаматтардың құқықтары мен олардың мүдделерін, мемлекеттік кепілдерін қорғау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
2) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
5) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;
7) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және кеңес беру;
8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қолдану;
9) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекет ету;
10) өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешім шығару;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған азаматтарға қатысты қамқорлық пен қорғаншылық бойынша функцияларды жүзеге асыру;
12) еңбек нарығын талдау және болжау, еңбек нарығының жағдайы жөнінде халықты және жергілікті атқарушы органдарды хабарландыру;
13) жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;
14) жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру;
15) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарды жұмысқа ие болу мүмкіндігі жөнінде, ал жұмыс берушілерді – жұмыс күшімен қамтамасыз етілу мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру;
16) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауға жәрдемдесу, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру;
17) еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыру;
18) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күн көрісі төмен азаматтарға, сондай-ақ орта білім ұйымдарының 9, 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдарда ақысыз қызмет көрсету;
19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
21) қолданыстағы заңнамаға, еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес жұмыссыздар мен азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
22) жиырма тоғыз жастан аспайтын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тіркелген жұмыссыздарға арналған жастар практикасын ұйымдастыру;
23) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындау;
24) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарға санаторий-курорттық емделуге құжаттарды ресімдеу;
25) инватакси қызметтерін көрсету;
26) 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі мерзімде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
27) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға жеңілдіктер мен өтемақыға құқығын растайтын куәліктерді беру;
28) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығаратын арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
29) қамқорлық пен қорғаншылық мәселелері бойынша кәмелетке толған азаматтарға қатысты қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотқа қатысу;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) осы Ережеге сәйкес, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органды білдіру;
2) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды, нұсқаулықтар мен ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар орындауы үшін міндетті өзге де актілерді шығару;
3) өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтер, материалдар мен құжаттарды сұратып алу;
4) халықты әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету мәселелерін шешу үшін уақытша және тұрақты жұмыс топтарын, комиссияларды құру;
5) белгіленген тәртіппен және өз қызметінің мақсатына сәйкес оған бекітілген мүлікті иелену және пайдалану;
6) жергілікті атқару органдарының келісімі бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласы дамуын белгілеу;
7) ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
8) ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін талдау;
9) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру;
10) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
11) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені сақтау;
12) сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету;
13) мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру;
14) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін өзге де міндеттерді атқару.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.19. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;
4) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
5) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;
6) қалалық комиссиялардың жұмысына қатысады;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
8) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауда "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемені білдіреді;
9) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздер есебінен сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптастырылады.
24. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.