Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9–1-бабының 4–1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Б. Костина жоғарыда көрсетілген ережені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный | |
қаласының әкімі | Б. Ғаязов |
Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 558 қаулысымен бекітілген |
"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер1. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басқарушы орган болып табылады:
1) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының;
2) Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің;
3) Рудный қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.
3. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай–ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Рудный қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
5. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
6. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
8. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
9. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты еңбекке қабілетсіз халықты және әлеуметтік қолдауға мұқтаж тұлғаларды әлеуметтік қорғаумен, әлеуметтік қолдау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік өкілеттіктерді орындауға жататын Қостанай облысының Рудный қаласында бірыңғай әлеуметтік саясатты жүргізумен қамтамасыз ету болып табылады.
10. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
11. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
12. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Пионер көшесі, 21 үй.
13. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ".
14. Осы Ереже "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
15. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
16. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
17. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы халықтың өмір деңгейін және табысын, оның жұмыспен қамтылуын, әлеуметтік қорғалуын және әлеуметтік қызмет көрсетуін арттырудан тұрады.
18. Міндеттері:
1) Рудный қаласының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясатын іске асыру, оның дамуына жәрдемдесу;
2) аз қамтылған отбасылардың, жұмыссыз азаматтардың, ардагерлердің, мүгедектердің және мұқтаж азаматтардың басқа жекелеген санаттарының әлеуметтік қолдауын ұйымдастыру;
3) азаматтардың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен көзделген құқықтарын, олардың мүдделерін, мемлекеттік кепілдіктерін қорғау;
4) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басқару органы болып табылатын мекемелер мен кәсіпорындардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
5) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыру болып табылады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
19. Функциялары:
1) мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру;
2) бюджеттік қаражат қажеттілігін болжау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және кеңес беру;
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қолдану;
6) есептілікті құру және тиісті мемлекеттік органдарға беру;
7) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекеттесу;
8) Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
9) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
10) Рудный қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
11) өмірлік қиын жағдайда жүрген тұлғаға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімді қабылдау;
12) кәмелетке толғандарға қатысты қамқорлыққа алу және қорғаншылық жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру;
13) еңбек нарығын талдау және болжау, еңбек нарығының жағдайы туралы тұрғындарға және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беру;
14) өтініш білдірген азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс алу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерге – жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы ақпарат беру;
15) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда көмек көрсету, тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
16) еңбек нарығы бойынша мәліметтер банкін қалыптастыру;
17) азаматтарға және жұмыссыздарға кәсіптік бағдар бойынша тегін қызметтерді көрсету;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес жұмыссыздарды және азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
21) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері санынан тіркелген жұмыссыздарға жастар практикасын ұйымдастыру;
22) жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға арналған шарттарды жасау;
23) жастар практикасынан өту үшін жұмыс берушілермен жұмыс орындарын құруға арналған шарттарды жасау;
24) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігін орындау;
25) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген тұлғаларға санаторий–курорттық емдеуге құжаттарды ресімдеу;
26) автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету;
27) жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;
28) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген тұлғалардың жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органы функцияларын жүзеге асыру;
29) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнаулы комиссияның жұмыс органы функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен кепілдіктерге құқығын растайтын куәліктерді алу және беру;
30) қорғаншылық және қамқорлық жөніндегі қалалық консультациялық–кеңесші ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы функцияларын жүзеге асыру;
31) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғалардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару жөніндегі арнайы консультациялық–кеңесші ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы функцияларын жүзеге асыру;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
20. Құқықтары:
1) осы Ережеге сәйкес, өз құзыреті шегінде, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органды ұсыну;
2) өз құзыреті шегінде бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындар үшін орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулар және өзге де актілерді шығару;
3) белгіленген тәртіпте атқарушы биліктің мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін–өзі басқару органдарынан, кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан (олардың ұйымдастырушылық–құқықтық нысанына және ведомстволық бағынысына қарамастан) өз қызметі бойынша мәліметтерді, материалдарды және құжаттарды сұрату және алу;
4) әлеуметтік қолдау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету мәселелерін шешу үшін уақытша және тұрақты жұмыс топтарды, комиссияларды және басқа ұжымдық органдарды құру;
5) ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындардың құрылтай құжаттарына олардың жарғылық қызметтеріне сәйкес өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы өтініш ету және бақылау;
6) белгіленген тәртіпте және өз қызметінің мақсатына сәйкес оған бекітілген мүлікті иелену, пайдалану және басқару;
7) өзінің негізгі қызметін жоспарлау және жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласының дамуын белгілеу;
8) ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін талдау;
9) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында ақпараттық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру;
10) теориялық және практикалық білімін, іскерлігін, дағдыларын жаңарту, сондай–ақ мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
11) қолданыстағы заңнамалық актілерімен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
21. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын сақтау, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұйрықтарын, нұсқаулық хаттарын, облыс, Рудный қаласы әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің, облыстық, қалалық мәслихаты шешімдерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай–ақ осы Ережені орындау;
2) мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуін қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыруын қамтамасыз ету;
4) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
22. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
23. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен келісім бойынша Рудный қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары бар.
25. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) бұйрықтарды шығарады және орындалуға міндетті нұсқаулар береді;
3) заңмен белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар салу мәселелерін шешеді;
4) сенімхатсыз "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарында, өзге ұйымдарда ұсынады;
5) белгіленген сан мен еңбекақы төлеу қоры шегінде "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің штаттық кестесін бекітеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді;
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды орынбасары жүзеге асырады.
26. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
27. Жұмыс режимі "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысымен бекітілетін "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысының регламентіне сәйкес орнатылады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
28. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
31. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1) Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Рудный қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.