Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 318 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қазанда № 5117 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 65 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 10.09.2021 № 65 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналар:

      1) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізеді;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушылар) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

      4) мүгедектер қатарындағы әр кемтар балаға оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі;

      5) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мынадай мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:

      алушының және (немесе) баланың қайтыс болуы;

      алушының және (немесе) баланың Рудный қаласы әкімшілік аумағының шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі;

      баланың толық мемлекет қарауына берілуі;

      алушының жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;

      Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.

      6) артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 28.04.2020 № 457 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мәслихаттың 2013 жылғы 16 қазандағы № 206 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4284 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихаттың кезектен

тыс сессиясының төрағасы

Қалалық мәслихат хатшысы

С. Свинарева

В. Лощинин


О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Решение маслихата города Рудного Костанайской области от 12 сентября 2014 года № 318. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 15 октября 2014 года № 5117. Утратило силу решением маслихата города Рудного Костанайской области от 10 сентября 2021 года № 65

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Рудного Костанайской области от 10.09.2021 № 65 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить, что:

      1) возмещение затрат на обучение на дому (далее – возмещение затрат на обучение) детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану производится ежемесячно государственным учреждением "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ" в размере шести месячных расчетных показателей;

      2) возмещение затрат на обучение предоставляется родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, обучающихся на дому (далее – получатели);

      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление;

      документ, удостоверяющий личность получателя (для идентификации личности);

      заключение психолого - медико - педагогической консультации;

      справка об инвалидности;

      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      справка из учебного заведения, подтверждающая факт обучения ребенка-инвалида на дому.

      Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются получателю.

      4) возмещение затрат на обучение производится в течение соответствующего учебного года на каждого ребенка с ограниченными возможностями из числа инвалидов;

      5) возмещение затрат на обучение прекращается с месяца, следующего за месяцем, в котором наступили следующие обстоятельства:

      смерть получателя и (или) ребенка;

      выезд получателя и (или) ребенка на постоянное проживание за пределы административной территории города Рудного;

      определение ребенка на полное государственное обеспечение;

      представление получателем недостоверных сведений, повлекших за собой незаконное назначение пособия (пособий);

      лишение или ограничение в родительских правах родителей, признание недействительным или отмена усыновления (удочерения), освобождение или отстранение от исполнения своих обязанностей опекунов (попечителей) в случаях, установленных брачно-семейным законодательством Республики Казахстан.

      6) излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке на основании решения суда.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным решением маслихата города Рудного Костанайской области от 28.04.2020 № 457 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение маслихата от 16 октября 2013 года № 206 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером 4284, опубликованное 12 ноября 2013 года в городской газете "Рудненский рабочий").

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель внеочередной

сессии городского маслихата

Секретарь городского маслихата

С. Свинарева

В. Лощинин