Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы О.В. Кононенкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдаңысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | Б. Ғаязов |
Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 қаулысымен бекітілген |
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 30 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Рудный қаласының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қазақстан Республикасының білім, тәрбие саясатын жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) қала аумағында Қазақстан Республикасының білім беру саясатын жүзеге асыру;
2) қала аумағында Қазақстан Республикасының тәрбиелеу саясатын жүзеге асыру;
3) материалдық–техникалық базаны дамыту және нығайту;
4) білім саласында перспективті, ағымдағы, нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу;
6) ведомствоға бағынысты ұйымдарында қолданыстағы заңнаманың дұрыс қолданылуына бақылау жасау.
16. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) ведомствоға бағынысты ұйымдарының білім беруді дамыту бағдарламаларын мемлекеттік стандарттар негізінде іске асыру бойынша жұмысын ұйымдастырады;
2) кешкі (ауысымды) оқыту түрін қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді қамтамасыз етеді;
3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
4) оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне жәрдемдеседі;
6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта, және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуді ұйымдастырады;
7) балалардың қосымша білім алуын қамтамасыз етеді;
8) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
11) ақпараттық жүйелерді оңтайландыру және автоматтандыру арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
12) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
13) қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
14) қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
15) қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
16) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
17) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады;
18) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
20) мемлекеттік қызметтер стандарттарын сақтауды қамтамасыз етеді;
21-1) патронаттық тәрбиешілердің ағымдағы шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне ақы төлейді;
22) ведомствоға бағынысты ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау жасайды;
23) ведомствоға бағынысты ұйымдарына қаржы-шаруашылық қызметі, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша құқықтық, әдістемелік көмек көрсетеді;
24) қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, қажетті шара қолданады;
25) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды және оларға кеңес береді;
26) мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуы бойынша шара қабылдайды;
27) қалалық ведомствоаралық комиссиялар органының функцияларын жүзеге асыру:
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін;
жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалуын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі.
28) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 12.02.2015 № 189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
1) осы Ережеге сәйкес өз құзыретінің шегінде білім беру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның өкілі болу;
2) өз құзыреті шегінде ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығару;
3) белгіленген тәртіпте атқарушы биліктің мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан (олардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан) өз қызметтері бойынша мәліметтерді, материалдарды және құжаттарды сұрату және алу;
4) білім беру саласында қажетті мәселелерді шешу үшін уақытша және тұрақты жұмыс топтарын, комиссияларды және басқа ұжымдық органдарды құру;
5) жарғылық қызметтеріне сәйкес ведомствоға бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы өтініш ету және енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бақылау;
6) белгіленген тәртіпте және өз қызметінің мақсатына сәйкес бекітілген мүлікке иелік ету және қолдану;
7) жергілікті атқарушы органдардың келісімімен өзінің негізгі қызметін жоспарлау және білім беру саласының дамуын анықтау;
8) ведомствоға бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін талдау;
9) теориялық және практикалық білім, шеберлік, дағдыларды жаңарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында білім бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды іске асыру.
18. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
3) қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
4) мемлекеттік қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін халыққа қызмет көрсету орталығына жіберу;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
6) қызмет алушылардың шағымдарын белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар ету;
7) қызмет алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;
8) қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
9) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз ету;
11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға қызмет алушының жазбаша келісімін алу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді асыру.
3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Рудный қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
22. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
2) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
3) жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) заңнамаға сәйкес жұмыскерлерін қабылдайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
5) бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды және осы үшін дербес жауапты болады;
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
8) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Басшы өзінің орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
24. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі басшысы бекіткен Регламентке сәйкес белгіленеді.
4. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
25. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
28. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 22.12.2015 № 1777 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 1 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 2 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 3 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 4 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 5 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 6 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 7 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8) Рудный қаласы әкімдігінің "Тәрбиеленушілерді мектепке дейін оқытып-тәрбиелеу, дамыту Орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 9 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 10 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
11) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 11 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
12) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 12 балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
13) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 13 балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
14) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 14 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15) Рудный қаласы әкімдігінің "Балдәурен" мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
16) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 16 балалар балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
17) Рудный қаласы әкімдігінің "Балалар көркемсурет мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
18) Рудный қаласы әкімдігінің "Балалар мен жастарды дамыту және шығармашылық сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
19) Рудный қаласы әкімдігінің "Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 12.02.2015 № 189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 2 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Рудный қаласы әкімдігінің № 4 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 7 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 9 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 10 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 12 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 13 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Рудный қаласы әкімдігінің "Дм. Карбышев атындағы № 14 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 15 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 18 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 19 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная стансасының № 20 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 21 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "№ 1 Қашар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) Рудный қаласы әкімдігінің "№ 2 Қашар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) Рудный қаласы әкімдігінің "Кешкі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.