Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 06.05.2015 № 161 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттiк мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Арқалық қаласының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің
міндетін атқарушы Е. Теменов
Қала әкімдігінің
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 332 қаулысымен бекітілген
Арқалық қаласының коммуналдық мүлігін
мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары
Арқалық қаласының коммуналдық заңды тұлғаларының балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерiн есептеу 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайтын базалық мөлшерлеме және осы Қағиданың қосымшасына сәйкес объектінің аумақтық қатыстылығын, құрылыс түрін есепке алатын қолданылатын коэффициенттердің мөлшері негізінде анықталады және мынадай формуламен жүзеге асырылады:
Жа = Бм*S*К1*К2, мұндағы:
Жа – Арқалық қаласының коммуналдық заңды тұлғаларының балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бм – 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
S – жалға алынған ауданы, шаршы метр;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент
Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ |
К1 |
Арқалық қаласы |
2,3 |
Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:
Құрылыс түрi |
К2 |
Жеке тұрған |
1 |
Қосымша салынған |
1 |
Жартылай жертөле |
0,85 |
Жертөле |
0,70 |
Қоймалық |
0,60 |
2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн - жылдық жалдау ақысы;
АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
3. Жұмыс уақытында толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формулалар бойынша есептеледi:
ғимараттар (құрылыстар) үшiн:
Ж = S*Бм *К1*К2/ЖУ*N, мұндағы:
Ж - жылдық жалдау ақысы;
S – аудан (шаршы метр);
Бм - базалық мөлшерлеме, 1 айлық есептік көрсеткiш;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.
құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшін:
Ж= (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
Ж – жылдық жалдау ақысы;
Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау (жалға алу) үшiн жылдық жалдау ақысы;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.