Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Обаған ауылын тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының негізінде қорытындысы, Обаған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Обаған ауылдық округіне қарасты Обаған ауылындағы Юбилейная көшесі, С.Г. Амеличкиннің атына өзгертілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Сеитова