Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 03.02.2016 № 14 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінің 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес Қамысты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) қоса беріліп отырған ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемi;
2) қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары: қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен;
3) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері аудандық бюджет қаражаты есебінен ең төменгі жалақының бір жарым мөлшерінде бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық, еңбекке ақы төлеу және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері, қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақылар Қамысты ауданы бюджетінің қаражаты есебінен қаржыландырылатыны белгіленсін.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тізбеде белгіленген ұйымдар арасындағы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген шарттарда жүргізілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғазиз Ғұмарұлы Ахметчинге жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қамысты
ауданының әкімі Ж. Бисимбаев
КЕЛIСIЛДI:
Қамысты ауданының прокуроры
_______________ Қ. Ерғұсаев
Қамысты ауданы әкімінің
"Свердлов ауылдық округі
әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі
_________ Б. Әбдікәрімов
"Қамысты ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Л. Иванченко
Әкімдіктің
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 70 қаулысымен бекітілген
Ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың
түрлерi мен көлемi
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 16.04.2014 № 112; 14.05.2015 № 70 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
№ |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыстардың түрлері |
Жұмыстардың көлемi (сағат) |
1. |
Қамысты ауданының прокуратурасы |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, құжаттаманы өндеу жұмыстарды жүргізуде күн сайынғы көмек |
3296 |
2. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Свердлов ауылдық округі аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
30520 |
3. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Алтынсарин ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Алтынсарин ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
2704 |
4. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Арқа ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
4400 |
5. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Аралкөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Аралкөл ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
2704 |
6. |
«Қамысты ауданы әкімдігінің Бестөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Бестөбе ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
3296 |
7. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Богданов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Богданов ауылдық округі аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
5432 |
8. |
«Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Адаевка ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
2384 |
9. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Дружба ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Дружба ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
3040 |
10. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Жайылма ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Жайылма ауылдық округі аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
2384 |
11. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Клочков ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Клочков ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
4056 |
12. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Қарабатыр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Қарабатыр ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
5432 |
13. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Ливанов ауыл әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Ливанов ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
3160 |
14. |
«Қамысты ауданы әкімдігінің Свободное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Свободное ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
3184 |
15. |
Қамысты ауданы әкімдігінің "Талдыкөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Талдыкөл ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
2384 |
16. |
«Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Орқаш ауылының аумағын көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек |
2704 |