"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 146 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4294 тіркелген, 2013 жылғы 13 қарашада "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 тармағының 3) және 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек:
3) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тіркелген адамдарға, амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептік көрсеткіштен көп емес мөлшерде;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 150000 теңге мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өзінің әрекетін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Кезектен тыс сессияның төрағасы, Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Қазиев |