"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қарасу ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2015 жылға арналған қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары К.Ғ. Әлімжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шәмшиев
Әкімдіктің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 343 қаулысына қосымша
Қарасу ауданында халықтың нысаналы
топтарына жататын тұлғалардың 2015
жылға арналған қосымша тiзбесi
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
3. Үш ай және одан көп ай жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар.