"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
2. Мыналар белгіленсін:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
2) жалақыны есептеу мен төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және жұмыс беруші арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Исмаиловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Айсағалиев
КЕЛІСІЛДІ
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ басшысы
_________________ Ш. Әбілова
Науырзым ауданы әкімдігінің
"Науырзым Сервис" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
___________________ Б. Салықов
Әкімдіктің
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 65 қаулысымен бекітілген
2014 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 233 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады).
№ |
Кәсіпорынның атауы |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі, сағатпен |
1 |
Науырзым ауданы әкімдігінің "Наурзум сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қарамеңді ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету |
20520 |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Буревестник ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету |
3024 |
||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Раздольное ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету |
3024 |
||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Өлеңді ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету |
3024 |
||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Шолақсай ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету |
3024 |
||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Шилі ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету |
3024 |
||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қожа ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету |
3024 |
||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Дәмді ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету |
3024 |
||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Мереке ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету |
1672 |
Кестенің жалғасы:
№ |
Кәсіпорынның атауы |
Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары |
Еңбегіне төленетін ақы |
Қаржыландыру көзі |
1 |
Науырзым ауданы әкімдігінің "Наурзум сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері |
Науырзым ауданының бюджеті |