"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қайранкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайранкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 "Қайранкөл селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-145 тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селолары", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдарының", "ауылдары", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайранкөл ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы В. Садовников