"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Калинин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Калинин ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1 "Калинин селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-143 тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селоларының", "селолары" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылдарының", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Сапабеков