"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес, Костряков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Костряков ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 27 "Костряков селолық округінің Грачев селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-93 тіркелген, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Федоров ауданы, Костряков селолық округі, Грачев селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Костряков ауылдық округінің әкімі С. Андренко