Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қантардағы Заңына сәйкес, Ленин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ленин ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 19 "Ленин селолық округінің Заозерное селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-116 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Заозерное ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ленин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Ленин ауылдық округінің әкімі М. Шортанбаев