"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес, Новошумный ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Новошумный ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 30 "Новошумный селолық округі Старошумный селосының құрамдық бөлігін атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-110 тіркелген, 2009 жылғы 5 ақпанда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Федоров ауданы, Новошумный селолық округі, Новошумный селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Новошумный ауылдық округі әкімінің м.а. С. Зотов