"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Шандақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шандақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 20 "Шандақ селолық округінің Мирное селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 9-20-125 тіркелген, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Мирное ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Шандақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық", деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Шандақ ауылдық | |
округінің әкімі | Н. Осипов |