"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Шандақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шандақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 19 "Шандақ селолық округінің Крамское селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-124 тіркелген, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Крамское ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шандақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының", деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық", деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Шандақ ауылдық | |
округінің әкімі | Н. Осипов |