Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 288/34 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте № 4029 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 184/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

            Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 08.08.2022 № 184/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы М. Көбенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Ветеринарлық бақылау және қадағалау
      комитетінің Павлодар облыстық
      аумақтық инспекциясының басшысы Р. Нұрбеков
      "20" тамыз 2014 жыл
      Қазақстан Республикасы
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау агенттігінің
      Павлодар облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаменті
      басшысының міндетін атқарушы С. Оспанов
      "20" тамыз 2014 жыл

  Павлодар облыстық
мәслихатының (V сайланған
ХХХIV сессиясы)
2014 жылғы 20 тамыздағы
№ 288/34 шешімімен
бекітілді

Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттерді
және мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстаудың және серуендетудің осы Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету тәртібін анықтайды.

      2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан, иттерді және мысықтарды күтіп-ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - иелері) қолданылады.

      3. Қағидалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес әзірленген.

      4. Осы Қағидалар Павлодар облысының елді мекендерінің барлық аумағында қолданыста болады.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын
негізгі ұғымдар мен анықтамалар

      5. Жергілікті атқарушы органның ветеринария бөлімшесі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудан, қала әкімдігімен ветеринария саласындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкіл етілген атқарушы орган.

      6. Иттерді және (немесе) мысықтарды серуендету – иттер мен мысықтардың тұрған жайдан сырт жерде немесе арнайы қарастырылған аумақтарға болуы.

      7. Иттер және (немесе) мысықтардың иесі – жеке меншік құқығы бойынша итке және (немесе) мысыққа иелік етуші тұлға, немесе иесімен келісім бойынша шарт негізінде жауарды күтіп-ұстаумен айналысатын тұлға.

      8. Иттерді және (немесе) мысықтарды күтіп-ұстау – иттер және (немесе) мысықтардың толыққанды тіршілік қарекетін қамтамасыз ету үшін іске асырылатын әрекеттер.

      9. Иттерді және (немесе) мысықтарды серуендету орны - ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органының шешімімен арнайы бөлінген жерге орналастырылған қоршалған алаң.

3. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібі

      10. Жануарға санитариялық анықтама болған жағдайда ғана иттерді және (немесе) мысықтарды сатып алуға және сатуға, оларды басқа тұлғаға беруге рұқсат етіледі.

      11. Иттерді және (немесе) мысықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және өзге нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Осы Қағидалардың талаптары сақталған жағдайда иттерді және (немесе) мысықтарды ұстауға рұқсат етіледі:

      1) бір отбасы орналасқан тұрғын жайларда;

      2) бірнеше отбасы тұратын тұрғын жайларда пәтерде тұрып жатқан барлық тұрғындардың жазбаша келісімімен тек өзінің тұрғын жай аумағында;

      3) кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, азаматтардың бақ өсіруімен айналысатын және коммерциялық емес саяжайлар бірлестіктерінде, демалыс базаларында иттер байлауда немесе вольерлерде, айналасындағыларды мазалауға мүмкіндік бермейтін және қауіп туғызбайтын жағдайда ұсталуға тиісті.

      13. алынып тасталды - Павлодар облыстық мәслихатының 12.12.2014 N 311/37 (жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Алынып тасталды - Павлодар облыстық мәслихатының 12.12.2014 N 311/37 (жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Жол берілмейді:

      1) иттер және (немесе) мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (ас үйлер, дәліздер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатыр астылары, лоджиялар, балкондар және қосалқы үй-жайларда), көп қабатты үйлер және тұрғын үй-жайлары жанындағы аумақтарда (иелеріне жеке меншік құқығы бойынша тиесілі тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа) ұстауға;

      2) иттер және (немесе) мысықтарды ұстауға және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына әкелуге, дүкендердің саудалық және өндірістік жайларына, мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріне, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы ғимараттарға, және де медициналық, емдік-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелеріне әкелуге жол берілмейді. Адамдарды құтқару және іздеу, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік иттерден басқа.

      15. Иті және (немесе) мысығы бар иелерін қонақ үй әкімшілігінің келісімі бойынша, санитариялық-гигиеналық ережелер сақталған кезде, қонақ үйге орналастыруға рұқсат етіледі.

      16. Иттер және (немесе) мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда жердің иелерінің рұқсатымен немесе басқа да заңды тұлғалардың келісімімен ұстауға рұқсат етіледі. Иттер қоршауы жануарлардың қашып кетуіне мүмкіндік бермейтін, қоршалған аумақта, адамдар мен басқа жануарларға шабуыл жасай алмайтын жағдайда ұсталуға тиіс. Аумақта ит бар екені туралы кіреберісте ескерту тақтасы хабарламасы ілінуі қажет.

      17. алынып тасталды - Павлодар облыстық мәслихатының 12.12.2014 N 311/37 (жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Алынып тасталды - Павлодар облыстық мәслихатының 12.12.2014 N 311/37 (жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Иттер мен мысықтарды зообұрыштарда, балалар және жасөспірімдерге арналған мекемелердің "тірі бұрыштарында", жазғы және қысқы сауықтыру санаториялық-курорттық мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринария қызметтерінің рұқсатымен ұстауға рұқсат етіледі.

      19. Иттер және (немесе) мысықтар қоғамдық орындарда ертіп жүретін тұлғаларсыз болған жағдайда, мекемелердің, қызмет көрсететін кәсіпорындардың жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, қаңғыбас болып есептелінеді және аулануы тиіс.

      20. Павлодар облысының аумағында иттердің төбелесін ұйымдастыруға, өткізуге және жануарларға қатысты қатыгездікке апаратын басқа да іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.

4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі

      21. Иттерді және (немесе) мысықтарды серуендету кезінде иелері келесі талаптарды сақтауы тиіс:

      1) иттерді тұмылдырықпен (иттердің ергежейлі тұқымдарынан басқа) және қысқа (1,5 метрге дейін) мойын жіппен ертіп жүруге және серуенге шығаруға тиіс, сондай-ақ итке және (немесе) мысыққа лақап аты, оның тұқымы, иесінің мекен-жайы мен телефондары көрсетілген бекітілген нөмірлік жетон болуына рұқсат етіледі;

      2) иттерді тұмылдырықсыз және мойын жіпсіз тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында, жергілікті атқарушы органдары, пәтер иелері кооперативтерімен көзделген еркін серуен алаңдарында алып жүру рұқсат етіледі.

      22. Итті қысқа мойын жіппен және тұмылдырықпен, өздігінен шешіліп кетпейтіндей, иесі ғимараттың ішінде уақытша болған мерзімге, егер де ит басқа тұлғаларға қауіп төнгізбейтін, қоғамдық тәріпті бұзбайтын, қозғалыстарға және өзіне зиян келмейтіндей жағдайда байлаулы қалдыруына болады. Бұл ретте ит адамдардың және автокөліктердің өтуіне кедергі болмауы керек.

      23. Көшелер мен тораптардың жанынан өткен кезде иттердің және (немесе) мысықтардың иесі (иттер мен мысықтарды серуендеуге шығарған тұлға) жол-көлік оқиғаларын және иттердің және (немесе) мысықтардың өлуін болдырмау үшін мойын жібін қысқартып ұстауы немесе оны қолына алуы тиіс.

      24. Иелерге жол берілмейді:

      1) иттерді және (немесе) мысықтарды балалардың аулалық алаңдарында, спорт алаңдарында, балалардың мектепке дейінгі және білім беру орындарының, емделу мекемелерінің аумақтарында, сондай-ақ, тыйым салатын белгілер орнатылған орындарда серуендетуге. Рұқсат етілген немесе арнайы бөлінген орындарды, сондай-ақ адамдарды құтқару және іздеу, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік иттерді қоспағанда;

      2) иттерді және (немесе) мысықтарды жағажайларда серуендетуге, көпшілік шомылатын жерлерде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға және жуындыруға;

      3) иттер және (немесе) мысықтар көрмелерін, адамдарды құтқару және іздеу, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік иттерді, және де көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттерді қоспағанда, иттерді және (немесе) мысықтарды халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шараларда серуендетуге;

      4) иттердің төбелесін ұйымдастыруға және өткізуге.

5. Иттер мен мысықтардың иелері

      25. Иттердің және (немесе) мысықтардың иелері төменде тізілген талаптарды орындаулары тиіс:

      1) иттердің және (немесе) мысықтардың айналасындағыларды мазалауға әкеліп соқпайтын және қауіп төндірмейтін жүрісін қамтамасыз етуге;

      2) тұрғын үй-жайларда шуды болдырмау бойынша шаралар қолдануға;

      3) алаңдарды, кіреберістерді, сатылық алаңдарды, лифтілерді, балалар алаңдарын, жолдарды, жаяусоқпақтарды, скверлерді, саябақтарды, демалыс аймақтарын, стадиондарды ластамау, ал ластанған жағдайда міндетті түрде жедел тазалауды жүзеге асыруға;

      4) жануарларды түрлеріне және тұқымдарына сәйкес жағдайларда ұстауға, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

      5) иттерді және (немесе) мысықтарды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұстауға, оларға адамгершілікпен қарауға, жануарларға тамақты, ішетін суды қажетті көлемде беруге, қатал қатынасқа жол бермеуге;

      6) адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл жасаған жануарлардан қажетті қорғанысты қоспағанда, итке және (немесе) мысыққа қатысты күш көрсетуге (ұрып-соғуға, жарақат салуға, өлтіруге) рұқсат етілмейді;

      7) аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария бөлімшелері мамандарының талаптары бойынша иттерді және (немесе) мысықтарды қарау, диагностикалық зерттеу және профилактикалық емдеу үшін бөгетсіз беруге;

      8) ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, иттерді және (немесе) мысықтарды жыл сайын екі немесе үш айлық жасынан бастап ветеринарлық пункттерге немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы тізіліміндегі ветеринариялық клиникаларға байқауға және құтырма мен басқа да инфекциялық ауруларға қарсы диагностикалық және профилактикалық егу үшін әкелуге;

      9) ит және (немесе) мысық адамды тістеп, жарақат салған кезде ветеринарлық пунктке хабарлауға;

      10) иттерді және (немесе) мысықтарды гельминттерге және тері паразиттеріне қарсы профилактикалық өңдеуді жүйелі түрде жүргізуге;

      11) иттердің және (немесе) мысықтардың ауруының барлық жағдайларында не ауруға күдікті болғанда, жедел түрде ветеринарлық пункттерге немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы тізіліміндегі ветеринариялық клиникаларға жүгінуге, тексерістердің қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын сақтауға;

      12) иттерді және (немесе) мысықтарды одан әрі ұстауға мүмкіндік болмаған кезде оны басқа иелерге, жануарларды қорғау ұйымына беруге немесе ауданның, қаланың қараусыз қалған (қаңғыбас) иттер мен мысықтарды аулауды және ұстауды жүзеге асыратын арнайы ұйымға тапсыруға;

      13) иттің, мысықтың өліп қалған жағдайларында немесе құтырма ауруына күдіктенген жағдайда жедел түрде ветеринарлық пункттерге немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы тізіліміндегі ветеринариялық клиникаларға хабарлау және осы жануарлар ветеринариялық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулауға;

      14) ит және (немесе) мысық белгісіз себептермен өліп қалған жағдайда ветеринарлық пункттерге немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы тізіліміндегі ветеринариялық клиникаларға өлудің себептерін анықтау үшін жүгінуге;

      15) өліп қалған иттердің және (немесе) мысықтардың өлігін лақтырып тастауға, елді мекендердің аумағына көміп тастауға рұқсат етілмейді.

      Иттердің және (немесе) мысықтардың өліктері қараусыз иттер мен мысықтарды аулау және өліктерін жинау бойынша аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария бөлімшелерінің мамандандырылған бригадаларына тапсырылуы керек.

6. Иттер мен мысықтар иелерінің осы
Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі

      26. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексіне сәйкес жауапты болады.

Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек на территории населенных пунктов Павлодарской области

Решение маслихата Павлодарской области от 20 августа 2014 года № 288/34. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 23 сентября 2014 года № 4029. Утратило силу решением Павлодарского областного маслихата от 8 августа 2022 года № 184/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского областного маслихата от 08.08.2022 № 184/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О ветеринарии", Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания и выгула собак и кошек на территории населенных пунктов Павлодарской области.

      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по аграрным вопросам.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
      секретарь областного маслихата М. Кубенов
      "СОГЛАСОВАНО":
      Руководитель Павлодарской областной
      территориальной инспекции Комитета
      ветеринарного контроля и надзора
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан Р. Нурбеков
      20 августа 2014 года
      Исполняющая обязанности руководителя
      департамента по защите прав
      потребителей Павлодарской области
      Агентства Республики Казахстан
      по защите прав потребителей С. Оспанова
      20 августа 2014 года

  Утверждены
решением (ХХХIV сессия
V созыв) Павлодарского
областного маслихата
от 20 августа 2014 года № 288/34

Правила содержания и выгула собак и кошек на
территории населенных пунктов Павлодарской области
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания и выгула собак и кошек на территории Павлодарской области (далее - Правила) определяют порядок содержания и выгула собак и кошек на территории населенных пунктов Павлодарской области.

      2. Правила распространяются на всех физических и юридических лиц независимо от форм собственности, содержащих собак и кошек (далее - владельцы).

      3. Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О ветеринарии".

      4. Настоящие Правила действуют на всей территории населенных пунктов Павлодарской области.

2. Основные понятия и определения,
используемые в настоящих Правилах

      5. Подразделение ветеринарии местного исполнительного органа – исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета, уполномоченный акиматом района, города на осуществление функций в области ветеринарии.

      6. Выгул собак и (или) кошек - пребывание собак и кошек вне помещения, а также на специально отведенных территориях.

      7. Владелец собак и (или) кошек – лицо, которому принадлежит на праве собственности собака и (или) кошка, или лицо, которое занимается содержанием животных на основании договора по соглашению с владельцем.

      8. Содержание собак и (или) кошек - действия, совершаемые владельцами для полноценного поддержания жизнедеятельности собак и (или) кошек.

      9. Место выгула собак и (или) кошек - огороженная площадка, расположенная на специально отведенном месте решением местного исполнительного органа района, города.

3. Порядок содержания собак и кошек

      10. Покупка и продажа собак и (или) кошек, передача их другому лицу, разрешается лишь при наличии ветеринарной справки на животное.

      11. Перевозка собак и (или) кошек осуществляется в соответствии с законодательными актами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      12. Содержание собак и (или) кошек разрешается при условии соблюдения настоящих Правил:

      1) в жилых помещениях, занятых одной семьей;

      2) в жилых помещениях, занятых несколькими семьями - лишь на своей жилой площади, с письменного согласия всех членов других семей проживающих в квартире;

      3) на предприятиях, в организациях, учреждениях, садоводческих и дачных некоммерческих объединениях, базах отдыха собаки должны содержаться на привязи или в вольерах, и в условиях, исключающих возможность причинения беспокойства и создания опасности для окружающих.

      13. исключен решением маслихата Павлодарской области от 12.12.2014 N 311/37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Исключен решением маслихата Павлодарской области от 12.12.2014 N 311/37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Не допускается:

      1) содержание собак и (или) кошек в местах общего пользования (кухни, коридоры, лестничные площадки, подвалы, чердаки, лоджии, балконы и подсобные помещения), на придомовых территориях многоэтажных домов и жилых помещений (кроме придомовых территорий домов индивидуального жилищного фонда, принадлежащих владельцам на праве частной собственности);

      2) содержать и приводить собак и (или) кошек на предприятия общественного питания, в торговые и производственные помещения магазинов, дошкольные и образовательные учреждения, здания социально-культурного назначения, а также в медицинские, лечебно-профилактические учреждения здравоохранения. Исключение составляют служебные собаки по спасению и розыску людей, по борьбе с преступностью и общественного порядка.

      15. Поселение в гостинице владельца с собакой и (или) кошкой разрешается по согласованию с администрацией и при соблюдении санитарно-гигиенических правил.

      16. Собак и (или) кошек разрешается содержать в домах индивидуального жилищного фонда, в зданиях и на прилегающих к ним территориях только с разрешения владельцев этих территорий или с согласия других правомочных лиц. Собаки должны содержаться на огороженной территории, ограждение должно исключать побег животного, нападение на людей или других животных. При входе на территорию должна быть вывешена предупредительная табличка о наличии собак.

      17. исключен решением маслихата Павлодарской области от 12.12.2014 N 311/37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Исключен решением маслихата Павлодарской области от 12.12.2014 N 311/37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Разрешается содержать собак и кошек в зооуголках, "живых уголках" детских и подростковых учреждений, летних и зимних оздоровительных санаторно-курортных учреждениях с разрешения санитарно-эпидемиологической и ветеринарной службы.

      19. Собаки и (или) кошки находящиеся в общественных местах без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи у предприятиях, зданий и учреждений, считаются бродячими и подлежат отлову.

      20. На территории Павлодарской области не допускается организация и проведение собачьих боев и других мероприятий, допускающих жестокость по отношению к животным.

4. Порядок выгула собак и кошек

      21. При выгуле собак и (или) кошек владельцы должны соблюдать следующие требования:

      1) выводить собак и выгуливать должны в наморднике (за исключением собак карликовых пород) и на коротком (до 1,5 метров) поводке, а также разрешается иметь закрепленный на собаке и (или) кошке номерной жетон с указанием клички, ее породы, адресом и телефонами владельца;

      2) выгул собак без поводка и намордника допускается лишь на огороженных территориях, дрессировочных площадках, предусмотренных местными исполнительными органами, кооперативами собственников квартир, местах для свободного выгула.

      22. Собаку разрешается оставлять на привязи в наморднике и на коротком поводке, исключающей произвольное развязывание, около здания на время, в течение которого владелец находится в здании, если при этом нет угрозы для других лиц, нарушения общественного порядка, движению и здоровью собаки. При этом собака не должна препятствовать проходу людей и проезду автотранспорта.

      23. При переходе через улицы и вблизи магистралей владелец собак и (или) кошек (лицо, осуществляющее выгул собак и кошек) должен взять их на короткий поводок или на руки во избежание дорожно-транспортных происшествий и гибели собак и (или) кошек.

      24. Владельцам не допускается:

      1) выгуливать собак и (или) кошек на детских дворовых площадках, спортивных площадках, территориях детских дошкольных и учебных заведений, лечебных учреждений, парках и в других местах массового отдыха граждан, а также где установлены запрещающие знаки. Исключением составляют места, разрешенные или специально отведенные, а также служебные собаки по спасению и розыску людей, по борьбе с преступностью и охране общественного порядка;

      2) выгуливать собак и (или) кошек на пляжах, купать и мыть их в общественных местах купания, в прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах;

      3) выгуливать собак и (или) кошек в местах скопления народа и на общественных мероприятиях, за исключением выставок собак и (или) кошек, служебных собак, выполняющих работу по спасению и розыску людей, по борьбе с преступностью и охране общественного порядка, а также собак-поводырей для людей со слабым зрением;

      4) организация и проведение собачьих боев.

5. Владельцы собак и кошек

      25. Владельцы собак и (или) кошек следует выполнять ниже перечисленные требования:

      1) обеспечить поведение собак и (или) кошек, которое не причинило бы беспокойства и не представляло бы опасности для окружающих;

      2) принимать меры по недопущению шума в жилых помещениях;

      3) не загрязнять дворы, подъезды, лестничные площадки, лифты, детские площадки, дорожки, тротуары, скверы, парки, зоны отдыха, стадионы, а в случае загрязнения осуществлять незамедлительную уборку;

      4) содержать животных в условиях, соответствующих по их видам и породам, соблюдать требования общественной безопасности;

      5) содержать собак и (или) кошек в соответствии с их биологическими потребностями, гуманно обращаться с ними, предоставлять животным необходимое количество пищи, питьевой воды, не допускать жестокого обращения;

      6) не разрешается проявление физического воздействия (избиение, нанесение травм, убийство) по отношению к собаке и (или) кошке, за исключением необходимой обороны от нападающего животного в случае угрозы жизни и здоровью человека;

      7) по требованию специалистов подразделений ветеринарии местных исполнительных органов районов, городов беспрепятственно предоставлять собак и (или) кошек для осмотра, диагностических исследований и лечебно-профилактических обработок;

      8) ежегодно, начиная с двух или трех месячного возраста, доставлять собак и (или) кошек в ветеринарные пункты или в ветеринарные клиники состоящие в реестре местных исполнительных органов районов, городов для осмотра, диагностики и профилактических прививок против бешенства и других инфекционных заболеваний для обеспечения ветеринарно-санитарной безопасности;

      9) сообщать в ветеринарный пункт при нанесении укусов, травм собакой и (или) кошкой человеку;

      10) регулярно проводить профилактическую обработку собак и (или) кошек от кожных паразитов и гельминтов;

      11) во всех случаях заболевания либо при подозрении на заболевание собак и (или) кошек немедленно обращаться в ветеринарные пункты или в ветеринарные клиники состоящие в реестре местных исполнительных органов районов, городов, соблюдать рекомендации специалистов по результатам обследования;

      12) при невозможности дальнейшего содержания собак и (или) кошек передать их другому владельцу, зоозащитной организации или сдать в подразделение ветеринарии местного исполнительного органа района, города, или специальную организацию, осуществляющую отлов и содержание безнадзорных (бродячих) собак и кошек;

      13) сообщать в ветеринарные пункты или в ветеринарные клиники состоящие в реестре местных исполнительных органов районов, городов о случаях гибели собак, кошек или о подозрениях на заболевания бешенством и изолировать их до прибытия специалистов ветеринарных служб;

      14) в случае гибели собаки и (или) кошки по неизвестной причине, обратиться в ветеринарные пункты или в ветеринарные клиники, состоящие в реестре местных исполнительных органов районов, городов для выяснения причины гибели;

      15) не разрешается выбрасывать трупы собак и (или) кошек, осуществлять их захоронение на территории населенных пунктов.

      Трупы собак и (или) кошек должны сдаваться в специализированные бригады подразделений ветеринарии местных исполнительных органов районов, городов по отлову безнадзорных и сбору трупов павших собак и кошек.

6. Ответственность владельцев собак и
кошек за нарушение настоящих Правил

      26. За нарушение настоящих Правил, владельцы собак и кошек несут ответственность в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".