Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "03" желтоқсандағы № 1616/16 қаулысымен бекітілген |
"Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 24.06.2015 N 736/12 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерін қабылдайды.
8. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесi, 25.
10. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара".
12. Мемлекет Павлодар қаласының әкімдігі тұлғасында "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Миссиясы: "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.17. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: Павлодар қаласының аумағында кәсіпкерлік, туризм мен ауыл шаруашылық үйлестіру мәселелерінде мемлекеттік саясатты қалалық деңгейде жүзеге асыру.
18. Міндеттері:
1) кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
2) Павлодар қаласының аумағында кәсіпкерлік қызмет, туризм мен ауыл шаруашылықты дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және қала тұрғындары қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;
4) Павлодар қаласы аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;
5) кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді төмендету жұмыстарын жүргізу.
19. Функциялары:
1) жекеменшік кәсіпкерлікті мемлекеттік саяси дамытудың және қолдаудың іске асуын жүзеге асыру;
2) ауыл шаруашылығын және жекеменшік кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) Павлодар қаласында мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және орындалуы үшін жауапты болу және қамтамасыз ету;
4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын іске асыру және әзірлеу;
5) инфрақұрылымдық объектілер аймағында шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметке қолдау жасауды және дамытуды қамтамасыз ету;
6) жекеменшік кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасын дамытудың стратегиясын анықтау;
7) сараптама кеңестерінің қызметтерін ұйымдастыру;
8) жергілікті деңгейдегі жекеменшік кәсіпкерлікті және шаруа қожалығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
9) кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;
10) инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
11) сәйкесінше аумақта индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
12) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
13) негізгі бағыттағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
14) агроөнеркәсіптік кешендер саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;
15) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;
16) өзінің құзыры шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат берілетін бөлшек бағалар мөлшерін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
17) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;
19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;
20) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тіркеу белгiлерiн бере отырып, тіркеу, қайта тіркеу;
21) тракторларға және олардың базасында жасалған өзі жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелерiне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерге, өзі жүретiн ауыл шаруашылығы, мелоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік байқау өткізу;
22) тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
23) ББЖА (бірыңғай басқару жүйесін автоматтандыру), ҰДБ (Ұлттық деректер базасы) Е-лицензиалау электрондық базаларын еңгізу, мемлекеттік органдардың сұрауларына жауап және жоғары тұрған органдарға, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардан түскен арыздар мен шағымдарға тиісті есептер дайындау және ұсыну;
24) заңнамамен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
20. Құқықтары мен міндеттері:
Құқығы:
1) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Павлодар қаласы әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
3) шарттар жасауға;
4) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Міндеттері:
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қалалық мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру жатады;
3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
21. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырыды.22. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
23. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
24. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Павлодар қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;
3) басшы бұйрықтарын шығарады;
4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;
6) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;
9) белгіленген заңнама тәртібінде шарттар жасайды;
10) сенімхаттар береді;
11) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
12) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
13) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;
14) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
15) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
16) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
"Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өклеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
26. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
27. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
28. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
29. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
30. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.