Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласы аймағында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 38/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-205 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 тамызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінің N 27 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта:
2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.";
4) тармақша алынып тасталсын;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда тұрғын үйдің меншік иесінің жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы құрамы азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай анықтамасы бойынша анықталады.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі көрсетілген кезде келесі нормативтік алаңы есепке алынады:
жалғыз тұратын азаматтарға - 33 шаршы метр (тұрғын үйдің жалпы алаңы), бірақ бір бөлмелі пәтердің ауданынан кем емес;
құрамында екі адамы бар отбасына - 40 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес;
құрамында үш және одан да көп адамы бар отбасыларға - әр адамға 18 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес.";
7-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақтағы "айына" деген сөз "тоқсанына" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта:
"7" саны "3" санына, "55" сандары "61" сандарына, "50" сандары "56" сандарына, "жұмыс істемейтін 3-топтағы мүгедектерді" деген сөздер "жұмыс істемейтін 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 3) тармақшасы "кітабының көшірмесі" деген сөздерден кейін "не мекенжай анықтамасы;" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Алпысбаева |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |