Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 21–бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларының, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларының және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерінің жұмыспен қамтылуына және қабылдауына жәрдемдесу мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысандарына қарамастан Ақсу қаласының ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының екі пайыз мөлшерінде:
қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Ыбыраев |