Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 15.05.2015 № 550/6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1252/10 қаулысына қосымша |
Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық мүлік
объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемелерін есептеу тәртібі
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.2. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесінің есебі келесі формула бойынша есептеледі:
Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұндағы:
Ап - жылына коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бс - 1 шаршы метрге базалық мөлшерлеме тиісті жылға бір жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген 2,0 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
S - жалға берілетін алаң, шаршы метр;
Кт - құрылыс тұрпатын ескеретін коэффициент;
Кк - тұрғын емес үй-жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд - жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
Копф - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Аудандық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы жалға алушы алып отырған үй-жайлар көлемінің үй-жайлардың көлеміне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
3. Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
Р/с № | Коэффициенттер түрі | Коэффициент мөлшері |
1 | Құрылыс тұрпатын ескеретін коэффициент (Кт): | |
1.1 әкімшілік | 1,0 | |
1.2 өдірістік | 0,8 | |
1.3 қоймалық, гараждық, қазандық | 0,6 | |
1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорт залдар) | 0,7 | |
2 | Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк): | |
2.1 жеке тұратын құрылыс | 1,0 | |
2.2 салынған-жапсарлас салынған бөлігі | 0,9 | |
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі | 0,7 | |
2.4 жертөле бөлігі | 0,6 | |
3 | Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск): | |
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрі болмаған жағдайда, әрбір түрге 0,1-ге азаяды | 1,0 | |
4 | Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): | |
4.1 Екібастұз қаласы | 1,5 | |
4.2 кент, ауыл (село) | 0,5 | |
5 | Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд): | |
5.1 тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Қазпочта" акционерлік қоғамы, банкоматтар, мультикассалар, терминалдар үшін | 2,5 | |
5.2 делдалдық қызмет және кедендік қызметтер көрсету, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер, сонымен қатар радио байланысы, ұялы байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдар үшін | 3,0 | |
5.3 қонақ үй, сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін | 2,5 | |
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін | 1,5 | |
5.5 мынадай: ғылым және жоғары білім орта білім мектепке дейінгі білім саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін | 1,1 0,9 0,8 | |
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін | 1,0 | |
5.7 қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, өткізу жүйесі бар (шекті қол жеткізу) республикалық және коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында тұрмыстық қызметтер көрсету, сонымен қатар оқу орындарында асханалар және буфеттер үшін | 0,4 | |
5.8 5.1-5.7-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін | 1,9 | |
6 | Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф) | |
6.1 сауда-делдалдық қызметтен басқа, өндірістік қызмет ұйымы және тұрғындарға көмек көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін | 0,9 | |
6.2 мемлекеттік акциялар пакетін иеленуді және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органның жазбаша растауы ұсынылған жағдайда, елу және одан көп акциялар пайызы (қатысу үлестері) бар және бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан 90 пайызынан кем емес табыс алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін | 0,8 | |
6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін | 0,5 | |
6.4 қалғандары үшін | 1,0 |
4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебі осы формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam /100 х Кп,
мұндағы:
Ап - жабдыққа, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құны 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam - Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп - төмендету коэффициенті (алпыс пайыздан аса жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттардың тозуы кезінде - 0,8 мөлшерінде сауда-саттық (делдалдық) қызметтен басқа халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсыну кезінде - 0,5 мөлшерінде қолданылады).
5. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдық, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Ач = Ап/12/Д/24,
мұнда:
Ач - сағатына коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ап - жылына коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Д - объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.