Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 124-28-5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3753 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы шешімнің кіріспе сөзбасында "11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 16-бабына" сөздер "11-, 16 - баптарына" деген сөздерге ауыстырылсын;
жоғарыда аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек деген өкілетті органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондайақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай және заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";
6-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні – қазан айының 2 жексенбісі;";
Қағидаларға қосымша болып табылатын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері мен алушылар санатының Тізбесіне:
1-тармақта:
5) тармақшада:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"ең аз мөлшердегі зейнетақы тағайындалған зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар";
"ең аз мөлшердегі зейнетақы және жәрдемақы тағайындалған сексен жастағы және одан асқан азаматтар;";
6) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасылар;";
9) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жүктілігі бойынша уақытында есепке тұрған он екі аптаға дейін мерзімдегі жүкті әйелдер, барлық жүктілік мерзіміне;";
2-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында, өтініш негізінде, шығын сметасына және алушының мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес Жеңістің 70 - жылдығына тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге, бірақ 324 айлық есептік көрсеткіштер (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінен артық емес;";
3-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацында, 9 АЕК дейін мөлшерінде, сондай-ақ ұсынылған жол жүру құжаттарына сәйкес медициналық мекемемен берілген жолдама негізінде, тексерілу және/немесе кеңес алу үшін тұрғылықты мекенжайынан Ертіс ауылына және/немесе Павлодар қаласына дейін және кері қайту жолына жол жүру шығындарын төлеуге; ".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Усин |
Ертіс аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ж. Беспаев |