РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Құрманова |
Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімідігінің 2014 жылғы "29" шілдедегі № 238/8 қаулысымен бекітілді |
"Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Лебяжі ауданы аумағында экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекетік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Всеволод Иванов көшесі, 98.
10. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
11. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспаралау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi, государственное учреждение "Отдел экономики и бюджетного планирования Лебяжинского района".
12. Мемлекет Лебяжі ауданының әкімдігі тұлғасында "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, аудан аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру.17. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты мемлекеттік экономикалық саясатты іске асыру және Лебяжі ауданының мемлекеттік жоспарлау жүйесін дамыту болып табылады.
18. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні аудандық деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
19. Мiндеттерi:
1) Лебяжі ауданының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) Лебяжі ауданының бюджеттік және инвестициялық саясатын қалыптастыру;
3) ауданның жергілікті мемлекеттік басқаруының тиімді құрылымын қалыптастыру.
20. Функциялары:
1) ауданның, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына (экономиканың нақты секторы мен өндірістік инфрақұрылымдарына, әлеуметтік салаға) сараптама жасау, туындаған мәселелерді және ауданның даму диспропорциясын анықтау, оларды шешу жолдарын белгілеу;
2) Лебяжі ауданының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыру, Лебяжі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша баяндамалар әзірлеу;
3) Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша
іс-шаралар жоспарын орындау туралы жиынтық есептерді әзірлеу және ұсыну;
4) ауданның уәкілетті органдарының Лебяжі ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезіндегі жұмысына әдістемелік басшылық ету және үйлестіру;
5) Лебяжі ауданының әлеуметтік экономикалық паспортын әзірлеу;
6) аумақты дамыту Бағдарламасын, бөлімдердің стратегиялық және операциондық жоспарларын жасау, түзетулер жасау, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау;
7) аудан әкімі мен Лебяжі ауданы әкімдігі актілерінің жобаларын олардың экономикалық мақсаттылығы мен облыстың және ауданның экономикалық, әлеуметтік даму жоспарына сәйкестігі бойынша келісімдеулер жүргізу;
8) аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметінің нәтижелігіне стратегиялық мақсат пен міндетке жету бағыты бойынша бағалау жүргізу;
9) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызмет нәтижелігіне жалпы бағалау жүргізу;
10) бюджеттік инвестициялық жобалар тізімін қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ тиісті реттеуші бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен іске асырылатын техникалық-экономикалық негіздемелердің қажетті сараптамасын жүргізу;
11) жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ республикалық және облыстық бюджеттен дамуға бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындыларын әзірлеу;
12) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды және республикалық және облыстық бюджеттерден дамытуға бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын жобаларды мониторингілеу және іске асыру;
13) жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық салық органымен (келісім бойынша) бірлесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын есепке ала отырып барлық деңгейдегі жергілікті бюджеттердің кірісін болжамдау;
14) жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің ұйымдастырушылық және функционалдық сараптамасын жүргізу, Лебяжі ауданын басқару сызбасын әзірлеу;
15) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
16) стратегиялық жоспарлар жобаларын қарастыру, стратегиялық жоспарларға, аудандық бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік тапсырыстарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қорытындылар әзірлеу;
17) есепті кезеңге аудан бюджетінің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына аудан бюджетіне нақтылау, түзету енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
18) үшжылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттер көлемін анықтау кезінде ауылдық округтер бюджеттерінің параметрлерін есептеу;
19) аудандық бюджетті нақтылау, облыстық бюджет пен аудандық бюджет аралысындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі және өз құзіреті шегінде басқа да мәселелер туралы Лебяжі ауданы әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат сессиясының шешімі жобасын әзірлеу;
20) Лебяжі ауданы әкімдігінің аудандық мәслихат сессиясының бюджет мәселелері жөніндегі шешімін іске асыру туралы қаулысының жобасын әзірлеу;
21) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын рейтингтік бағалау көресткіштеріне мониторинг жүргізу;
22) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен серпіні бойынша ауданның рейтингтік бағасын қалыптастыру үшін ақпарат әзірлеу;
23) жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау" мемлекеттік мекемесінің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру;
24) Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізу;
25) Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау" мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
26) Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау" мемлекеттік мекемесінде ақпараттық ресурстар жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) Лебяжі ауданының әкімі мен әкімдігінің қарауына мынадай ұсыныстар енгізуге:
Лебяжі ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы мен басымдықтары, мақсаттары бойынша;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар бойынша, олар қабылдаған қолданыстағы Лебяжі ауданының даму стратегиясын іске асыруға кедергі жасайтын актілеріне өзгерістер енгізу немесе олардың күшін жою бойынша;
2) бекітілген тәртіпте мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, лауазымдық тұлғалар мен азаматтардан келісім бойынша "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпараттар сұратуға және оларды алуға;
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын орындау және қолдану бойынша тапсырмалар беруге;
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдарды олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
5) "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта ұсынуға;
6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімшарттар жасауға құқылы.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
22. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.23. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгі:
1) "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады;
2) Қазақстан Республикасынң заңнамасына сәйес "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметінен босатады;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін мадақтауды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік шара қолдануды жүзеге асырады;
4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен міндетті түрде орындалуы тиіс бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
5) "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
6) "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда ұсынады;
7) "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
8) "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс өткізеді;
9) "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауапкершілікте болады.
"Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас мамандарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
26. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі (жергілікті атқарушы орган) уәкілетті орган арасындағы қарым - қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
28. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
29. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
30. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
32. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.33. "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.