Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5)-тармақшасына, 20 - бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралары туралы" № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, жұмыссыз азаматтар үшін коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстар өтетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2-қосымшаға сәйкес анықталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Жанғазинов |
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 371/12 каулысына 1-қосымша |
2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстар өтетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық
жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне
төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері
№ р/с | Ұйымдардың атаулары | Қоғамдық жұмыстардың түрлерi | Қоғамдық жұмыстардың көлемдерi және нақты шаралары | Қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi |
1. | "Баймолдин ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Ағаштарды отырғызу - 300 түп; бұтақтарды отырғызу - 150 түп; аумақты тазалау - 5000 текше метр; ағаштарды әктеу, ағаштарды кесу-2000 түп; ескерткiштер мен обелисктердi, саябақ аумағын ретке келтiру-500 шаршы метр; үш елдi мекеннiң 8 сағаттан 3000 шаршы метр кіреберіс жолдарын қоқыстан тазалау. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
2. Жас көшеттерді сақтауды қамтамасыз ету | Саябақтарды және жас көшеттерді демалыс күндерiн есепке алғанда бір айдың iшiнде 1 адамға 8 сағаттан 176 сағат күзету. | |||
2. | "Жамбыл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Ағаштарды отырғызу - 350 түп; аумақты тазалау-6000 шаршы метр; ағаштарды кесу - 700 түп; қарды тазалау-510 текше метр; ағаштарды әктеу - 1200 түп; тірек бағаналарын әктеу-100 дана; қоршауды жөндеу -70 шаршы метр күнiне 8 сағаттан. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
2. Учаскелiк комиссияларға көмек көрсету | 380 ауланы аулалы тексерiстен өткiзу. | |||
3. Жас көшеттерді сақтауды қамтамасыз ету | Саябақтарды және жас көшеттерді демалыс күндерiн есепке алғанда үш ай iшiнде 3 адамға 8 сағаттан 1584 сағат күзету. | |||
3. | "Қызылағаш ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Ағаштарды отырғызу-150 түп; аумақты тазалау -8000 текше метр; ағаштарды кесу-1000 түп; ағаштарды әктеу - 1000 түп; қарды тазалау - 300 текше метр күніне 8 сағаттан. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
4. | "Қызыләскер ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Ағаштарды отырғызу - 2000 түп; автотрассаға жататын аумақты тазалау - 6000 шаршы метр; қарды тазалау - 610 текше метр; ағаштарды әктеу және ағаштарды кесу - 1700 түп; тірек бағаналарын әктеу - 250 дана; қоршауды жөндеу - 180 шаршы метр күнiне 8 сағаттан. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
2. Учаскелiк комиссияларға көмек көрсету | 430 ауланы аулалы тексерiстен өткiзу. | |||
3. Жас көшеттерді сақтауды қамтамасыз ету | Саябақтарды және жас көшеттерді демалыс күндерiн есепке алғанда үш ай iшiнде 2 адамға 8 сағаттан 1056 сағат күзету. | |||
5. | "Лебяжi ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Ауылды абаттандыру мен санитарлық тазалау - 8000 текше метр; қарды тазалау - 1000 текше метр; ағаштарды отырғызу - 1000 түп; ағаштарды әктеу - 1000 түп; ағаштарды кесу - 1000 түп; тірек бағаналарын әктеу - 200 дана күнiне 8 сағаттан. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
2. Учаскелiк комиссияларға көмек көрсету | 813 ауланы аулалы тексерiстен өткiзу. | |||
6. | "Майқарағай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Ағаштарды отырғызу - 300 түп; аумақты тазалау - 10000 шаршы метр; қарды тазалау - 800 текше метр; ағаштарды әктеу - 2000 түп; ағаштарды кесу - 2000 түп; тірек бағаналарын әктеу - 120 дана; қоршауды жөндеу - 60 шаршы метр күнiне 8 сағаттан. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
7. | "Малыбай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Аумақты қардан тазалау -1300 шаршы метр; ағаштарды отырғызу - 250 түп; ауланы қоқыстан тазалау - 2500 шаршы метр; тірек бағаналарын әктеу - 50 дана; қоршауларды жөндеу - 100 шаршы метр; жастар саябағын абаттандыру: сырлау - 60 шаршы метр, қоршауларды жөндеу - 80 шаршы метр, әктеу - 150 шаршы метр, ағаштарды әктеу - 755 түп; автобустық аялдаманы әктеу - 36 шаршы метр; жол бордюрлерi мен қоршауларды әктеу - 1000 шаршы метр; гүлзарларды отырғызу - 600 шаршы метр; гүлзарлар мен ағаш бұтақтарын күту -1000 шаршы метр; балалар алаңы, орталық алаңды тазалау және көгалдандыру - 3000 шаршы метр; ескерткiштер, фонтан мен спорттық жабдықтардың қоршауылдарын сырлау -3000 шаршы метр; ағаштарды көктемгi дайындаудан өткiзу - 1000 түп күнiне 8 сағаттан. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
8. | "Шақа ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Ағаштарды отырғызу - 100 түп; аумақты тазалау - 4000 шаршы метр; қарды тазалау - 310 текше метр; ағаштарды әктеу - 1000 түп; ағаштарды кесу - 800 түп күнiне 8 сағаттан. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
9. | "Шарбақты ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Ағаштарды отырғызу - 500 түп; аумақты тазалау-10000 шаршы метр; қарды тазалау -1750 текше метр; ағаштарды әктеу - 900 түп; ағаштарды кесу- 900 түп; тірек бағаналарын әктеу - 150 дана; қоршауды жөндеу - 160 шаршы метр күнiне 8 сағаттан. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
2. Учаскелiк комиссияларға көмек көрсету | 422 ауланы аулалы тексерiстен өткiзу. | |||
10. | "Ямышев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 1. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру | Ағаштарды отырғызу - 600 түп; ағаштарды кесу - 1000 түп; қарды тазалау- 1500 шаршы метр; аумақты қоқыстан тазалау -9000 шаршы метр; трассаны тазалау-50 шақырым; бағаналарды әктеу - 200 дана күніне 8 сағаттан. | Ең төменгi жалақы мөлшерi, аудандық бюджет |
2. Учаскелiк комиссияларға көмек көрсету | Демалыс күндерiн есепке алғанда үш ай iшiнде 8 сағаттан 140 құжаттама. | |||
3. Жас көшеттерді сақтауды қамтамасыз ету | Саябақтарды және жас көшеттерді демалыс күндерiн есепке алғанда үш ай iшiнде 3 адамға 8 сағаттан 1584 сағат күзету. |
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 371/12 каулысына 2-қосымша |
2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№ р/с | Ұйымдардың атаулары | Сұраныс (мәлімделген қажеттілік) | Ұсыныс (бекітілді адам) |
1. | "Баймолдин ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 10 | 10 |
2. | "Жамбыл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 11 | 11 |
3. | "Қызылағаш ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 7 | 7 |
4. | "Қызыләскер ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 18 | 18 |
5. | "Лебяжi ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 41 | 41 |
6. | "Майқарағай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 9 | 9 |
7. | "Малыбай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 15 | 15 |
8. | "Шақа ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 6 | 6 |
9. | "Шарбақты ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 17 | 17 |
10. | "Ямышев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 16 | 16 |