Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Жанғазинов |
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "29" желтоқсандағы № 384/12 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін
мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.2. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесінің есептеуі келесі формула бойынша есептеледі:
Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын жалға алу ақысының мөлшерлемесі;
Бс – 1 шаршы метрге жалға алу базалық мөлшерлемесі Лебяжі ауданының аумағында Қазақстан Республикасының тиісті жылға республикалық бюджеті туралы заңымен белгіленген жылына 2,0 айлық көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Аудандық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы жалдаушымен алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
3. Аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
Р/с № | Коэффициенттер түрі | Коэффициент мөлшері |
1 | Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт): | |
| 1.1 әкімшілік | 1,0 |
| 1.2 өндірістік | 0,8 |
1.3 қойма, гараж, қазандық | 0,6 | |
| 1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар) | 0,7 |
2 | Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк): | |
2.1 жеке тұрған құрылыс | 1,0 | |
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі | 0,9 | |
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі | 0,7 | |
2.4 жертөле бөлігі | 0,6 | |
3 | Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск): | |
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды | 1,0 | |
4 | Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): | |
4.1 аудандық орталықтар үшін | 1,0 | |
4.2 кент, ауыл | 0,5 | |
5 | Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд): | |
5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Қазпошта" Акционерлік қоғамның есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін, банкоматтар, мультикассалар, терминалдар | 2,5 | |
5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін, сонымен қатар ұялы байланыс, радио байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдар үшін | 3,0 | |
5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін | 2,5 | |
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін | 1,5 | |
5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін: ғылым және жоғары білім беру орта білім беру мектепке дейінгі білім беру | 1,1 0,9 0,8 | |
| 5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін | 1,0 |
5.7 оқу орындарында асханалар және буфеттерде тамақтануды ұйымдастыру үшін | 0,5 | |
5.8 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін | 1,9 | |
6 | Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф) | |
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін | 0,9 | |
6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін | 0,8 | |
6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін | 0,5 | |
6.4 қалғандары үшін | 1,0 |
Ап = С х Nam /100 х Кп,
мұнда:
Ап – жылына жабдыққа, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).