1. Май ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылы жетпіс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
2. Май ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берiлсiн.
3. Май аудандық мәслихатының (V сайланған XIII сессиясы) 2013 жылғы 28 ақпандағы № 2/13 «Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 14 наурызда № 3482 болып тіркелген, аудандық «Шамшырақ» газетінің 2013 жылғы 30 наурыздағы № 13 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Жетібаева |
Аудандық мәслихатының | |
Хатшысы | Ғ. Арынов |