РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы N 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Павлодар ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Әутәліпов |
Павлодар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы N 43/1 қаулысымен бекітілді |
Павлодар ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік
қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Павлодар ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының осы қағидалары (бұдан әрi – Кағидалар) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы N 651 Жарлығына сәйкес әзірленді.2. Осы Қағидалардың әрекеті Павлодар ауданының аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысы бар.
3. Павлодар ауданының аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының басшылары мемлекеттiк қызметшiлердің Қағидалармен таныстырылуын, Қағидалар нормаларының сақталуын, Қағидалар мәтінінің Павлодар ауданының жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық стендтерінде орналастырылуын қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары
4. Мемлекеттiк қызметшiлер:қызметтік міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, мораль мен ар-ұяттың жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жауапкершілікпен және адал атқаруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі мен осы Қағидалардың нормаларын мүлтіксіз сақтауға;
мемлекеттiк билiктiң беделiн, мемлекет институттарына азаматтардың сенімін нығайтуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүддесін қорғауға;
өзіне талап қойғыш, принципшіл, шыншыл және турашыл болуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және басқа құқық бұзушылықтарға төзімсіз болуға;
өздерінің құзыреттері шегінде шығарған басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың шешімдері мен нұсқауларын сапалы және уақтылы орындауға;
қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, жұмыс уақытын еңбек өнімділігі үшін тиімді пайдалануға, денсаулығына және жеке басының немесе жұмыстағы әріптестерінің қауіпсіздігі үшін қауіп-қатерлі болуы мүмкін кез келген оқиға туралы хабардар етіп отыруға;
кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық етуші субъектілердің мүдделеріне артықшылық көрсетуге жол бермеуге;
мемлекеттік қызметші ретінде өзінің, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасамауға;
өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстануға;
қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
3. Жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынас
5. Мемлекеттік қызметшілер:егер мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамамен көзделген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысса, жеке және заңды тұлғаларға нақты, уақтылы, тиімді қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдауға;
жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып отыруға;
жеке және заңды тұлғаларға төзімділікпен және құрметпен қарауға;
жеке және заңды тұлғаларға қатысты немқұрайлыққа және ұқыпсыздыққа жол бермеуге;
шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне қарай немесе кез келген өзге де себептермен жеке және заңды тұлғалардың беделін түсіруге жол бермеуге тиіс.
4. Әріптестерімен өзара қарым-қатынас
6. Мемлекеттік қызметшілер:әріптестеріне қатысты сыпайылық және әдептілік танытуы тиіс;
әріптестеріне ресми түрде өтініш білдіруге;
жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынас кезінде қатыгез мінез-құлық танытуға, сондай-ақ балағат сөздерді пайдалануға жол бермеуге;
әріптестерінің және басшылықтың сыны мен ескертулерін дұрыс қабылдауға, сондай-ақ жіберілген қателіктерін дер кезінде мойындай білуге;
шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де себептерге қарамастан әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
қажет болған жағдайда әріптестеріне кеңес беру немесе бұзушылыққа жол бермеу туралы ескерту арқылы көмек көрсетуге;
бөтен адамның идеялары мен бастамаларын иеленуден бас тартуға;
қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге;
адами қасиеті мен кәсіптік шеберлігіне нұқсан келтіретін әріптестері туралы ақпарат таратпауға;
әріптестеріне қатысты әдепсіз мінез–құлық танытуға жол бермеуге тиіс.
5. Басшылардың мінез-құлық қағидалары
7. Басшылар:ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға және сақтауға, қарамағындағыларда жоғары моральдық-психологиялық, адамгершілік және кәсіптік шеберлік қасиеттерін тәрбиелеуге;
қарамағындағылардың адами қасиетін құрметтеуге, оларға қатысты әділдік танытуға;
өзінің қарамағындағылардан белгіленген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етуге;
функционалдық міндеттерді атқаратыны және тиісінше атқармайтыны үшін бірдей талаптар қоюға;
ұжымдағы еңбек тәртібінің, моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жүйелі түрде талдап отыруға;
жоғары тұрған басшыға қарамағындағылар жасаған қылмыстар, құқық бұзушылықтар және еңбек тәртібін бұзу туралы дереу баяндап отыруға тиіс.