Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 26.02.2018 № 57/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекет мүлкі туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
2. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Асқаров |
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 345/17 қаулысымен бекітілген |
"Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі Шарбақты ауданының аумағында агроөнеркіәсіп кешенін және кәсіпкерлікті дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
5. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.
6. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапынан қатысуға құқығы бар.
7. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіне сәйкес мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 141100, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 49 үй.
10. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма сағат 9:00-дан сағат 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің қазақ тіліндегі толық атауы – "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Щербактинского района".
12. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шарбақты ауданы әкімдігінің атынан мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
15. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын, міндеттерді орындау тұрғысында келісім шарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.
16. Егер "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс түсетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне аударылады.
2. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеті
17. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның агроөнеркәсіп кешені және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
18. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
19. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәні Шарбақты ауданының аумағында ауыл шаруашылығы өндірісі және кәсіпкерлік қызмет мәселесі бойынша мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыру болып табылады.
20. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығын дамыту және шағын және орта бизнесті дамытуды қолдауды жүзеге асырған кезде халықтың өмір сүруі үшін тиісті жағдай туғызу;
2) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамыту бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру;
3) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды пысықтау және жүзеге асыру.
21. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) ауданда ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асырылуын бақылау;
2) ауыл шаруашылығында реформаларды жетілдіру және тереңдету, шаруашылық жүргізудің түрлі нысандарын дамыту;
3) ауыл шаруашылық өнім өндіру және өндеуді ынталандыру және арттыру жөнінде кешенді іс-шараларды жүзеге асыру;
4) ауыл шаруашылығында және кәсіпкерлікте маркетингтік басқару жүйесін енгізу;
5) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оның сапасын, сондай-ақ стандарттар мен регламенттерін сақтауды қамтамасыз ету;
6) тракторлар, комбайндар, автомобильдер, отын және басқа да материалдық ресурстарға ауыл шаруашылығының қажетті болжамдарын әзірлеу;
7) мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және тауар өндірушілерге техникалық, сервистік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіру;
8) кәсіпкерлікті техникалық және қаржылай қолдау үлгісін дамыту;
9) ауыл шаруашылығы жүйесіндегі мекемелер мен кәсіпорындардың өзара әрекет жасауын үйлестіру;
10) кәсіпорындардың экономикалық жағдайын қарау, олардың қаржылық тұрақтылығын арттыру үшін шаралар жүйесін жасап шығару;
11) ауданда шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы саласын дамыту стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру;
12) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредитациялау;
13) инвестициялық бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;
14) облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен нысаналы қаржыландыру;
15) мемлекеттік қолдау бойынша дайындауды қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, нарықтық инфрақұрылымдарды нығайту және дамытуға жәрдемдесу;
16) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;
17) "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерімен еңбек тәртібінің орындалуына және Ар-Намыс кодексінің сақталуына бақылауды ұйымдастыру;
18) мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды тапсыруды және оларды тұрақты сақтауды, жоюды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жүктелген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
22. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттердің орындалуына байланысты, заңнамамен белгіленген тәртіпте кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қарауына ұсыныс енгізуге;
3) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және басқа да ұйымдарға ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық және басқа да көмек көрсетуге;
4) "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта ұсынуға;
5) өзінің құзыреті аясында шарт, келісім бекітуге;
6) мемлекеттік органның құзыреті аясында аудан әкімдігі қаулыларының жобасын әзірлеуге;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және функционалдық міндеттерге қарама-қайшы келетін кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша басқа да қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі бар.
3. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
23. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін жеке жауапкершілікке тартылатын бірінші басшысымен жүзеге асырылады.
24. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
25. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеме бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне сыйақы төлеуді және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
5) "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен міндетті түрде орындалатын, құзыретіне қатысты мәселелер бойынша бұйрық шығарады және нұсқау береді;
6) "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережесін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін меншік құрылымына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға ұсынады;
8) ведомствоға жататын ұйым басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізеді;
9) "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеме жұмысының келешек және ағымдағы жоспарын бекітеді;
10) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды және жеке жауап береді.
"Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
26. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдары) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.
27. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
28. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен белгіленеді.
4. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
29. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында жеке мүлкі болады.
30. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
31. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада белгіленген болмаса, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
32. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
33. "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қысқартқан (таратқан) кезде кредиторлардың талабы қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік, ауданның коммуналдық меншігінде қалады.