"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 3/785 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда № 1093 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы N 1/197 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 31.03.2015 N 1/197 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 16 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесі бекітілсін.
      2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Алматы қаласының әкімі

А. Есімов


Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 3/785 қаулысымен
бекітілген

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      2. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      3. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);
      3) қызметшінің қорытынды бағасынан тұрады.
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары үшін бағалауды Алматы қаласының әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірі өткізуі мүмкін.
      4. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, қызметшілерді қызмет бабы бойынша ілгерілету және тағылымдамадан өткізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
      5. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы «тиімді» деген баға алуы, оны лауазымы бойынша көтеруге негіз болып табылады.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға алғаш қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар адам құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Аппарат басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 3 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
 

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 3 тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
 

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
 

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамдардың (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2 қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың толтырған бағалау парағы персоналды басқару қызметінен оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.
      17. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.
 

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
 

      a = b + c

      мұнда a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
      22-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
      33 балдан жоғары – «тиімді».
 

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 11 тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекіту;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Бағалау нәтижелері қызметшілердің қызмет тізімдеріне енгізіледі.
      24. Осы Әдістеменің 20 тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
 

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      25. Комиссия шешіміне қызметшінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      26. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      27. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне береді.
 


«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
1 қосымша

      нысан

      Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: _______________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
 
 

№ р/н Өлшемдер Көрсеткіштің мәні Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке
дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге
дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке
дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке
дейін


БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы):



Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.)
___________
күні
________________________
қолы
_____________________

Тікелей басшы
(Т.А.Ә.)
______________________________
күні
_________________________________
қолы
______________________________



«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
2 қосымша

      нысан

      Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: _______________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
 
 

№ р/н Өлшем Көрсеткіштің мәні (саны) Баға (балл)
Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке
дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке
дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке
дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)


Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке
дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке
дейін


3.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке
дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)





«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
3 қосымша

      нысан

      Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
      ______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)
 


р/р
Қызметшінің Т.А.Ә. Тікелей басшының бағасы Айналмалы баға Қорытынды баға

1










       Комиссия қорытындысы:
      _______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы:____________________________ Күні: _____________________
      (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия төрағасы:____________________________ Күні: _____________________
      (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия мүшесі:______________________________Күні: _____________________
      (Т.А.Ә., қолы)
 

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"

Постановление акимата города Алматы от 23 сентября 2014 года № 3/785. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 21 октября 2014 года № 1093. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 31 марта 2015 года № 1/197

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 31.03.2015 № 1/197.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе», Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих», пунктом 2 Приказа исполняющего обязанности председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службе от 5 июня 2014 года № 04-2-4/93 «Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б», акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б».
      2. Аппарату акима города Алматы обеспечить размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Алматы Б. Карымсакова.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Аким города Алматы

А. Есимов


Утверждена
постановлением акимата города
Алматы
от 23 сентября 2014 года
№ 3/785

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б»
1. Общие положения

      1. Ежегодная оценка деятельности государственных служащих акимата города Алматы (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      2. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      3. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего);
      3) итоговой оценки служащего.
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      Для руководителей исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, оценка проводится акимом города Алматы либо по его уполномочию одним из его заместителей.
      4. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      5. Получение служащим оценки «эффективно» в течение трех лет служит основанием для повышения его в должности.
      6. Получение служащим двух оценок «неудовлетворительно» в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата.
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом (кадровой службы) государственного органа (далее – служба управления персоналом). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 3 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.
 

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в подпунктах 1) и 2) пункта 3 настоящей Методики, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения не позднее одного месяца до ее проведения.
 

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
 

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения от службы управления персоналом.
      16. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанных в пункте 15 настоящей Методики, осуществляется на анонимной основе.
 

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
 

      a = b + c

      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – «неудовлетворительно»,
      от 22 до 33 баллов – «удовлетворительно»,
      выше 33 баллов – «эффективно».
 

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, указанным в пункте 11 настоящей Методики.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим кратким пояснением в протоколе. При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Служба управления персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Результаты оценки вносятся в послужные списки служащих.
      24. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.
 

7. Обжалование результатов оценки

      25. Обжалование решения Комиссии служащим в Департаменте Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по городу Алматы осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      26. Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по городу Алматы в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      27. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по городу Алматы.
 


Приложение 1
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса «Б»

      форма

      Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. оцениваемого служащего: _______________________________
      Должность оцениваемого служащего: ___________________________
 
 

№ п/п Критерий Значение показателя Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


ИТОГО (сумма всех оценок):



Ознакомлен(а):
Служащий (Ф.И.О.)
___________
дата
________________________
подпись
________________________

Непосредственный руководитель
(Ф.И.О.)
________________________________
дата
_________________________________
подпись
_________________________________



Приложение 2
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса «Б»

      форма

      Лист круговой оценки

      Ф.И.О. оцениваемого служащего:_________________________________
Должность оцениваемого служащего: _____________________________
 
 

№ п/п Критерий Значение показателя Оценка (баллы)
Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)





Приложение 3
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса «Б»

      форма

      Протокол заседания Комиссии по оценке
______________________________________________________
(наименование государственного органа)
 

№ п/п

Ф.И.О. служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1










       Заключение Комиссии:
      _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии:________________________ Дата: ______________________
      (Ф.И.О., подпись)
      Председатель Комиссии:_____________________ Дата: ______________________
      (Ф.И.О., подпись)
      Член Комиссии:____________________________ Дата: ______________________
      (Ф.И.О., подпись)