"Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 4/874 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қарашада № 1099 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 1/194 қауылысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы қаласы әкімдігінің 26.03.2019 № 1/194 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Алматы қаласының әділет органдарына Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы хабарласын;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.


Алматы қаласының әкімі

А. Есімов



  Алматы қаласы әкімдігінің
  2014 жылғы 24 қазандағы
  №4/874 қаулысымен
  бекітілді

"Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында құрылыс саласында басшылықты жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен және Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.

      7. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.

      9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы".

      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы саулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 18 бабы 5) тармақшасына сәйкес анықталған – Алматы қаласының аумағында құрылыс қызметі саласындағы үйлестіруді жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 12 бабына сәйкес анықталған:

      1) тұрғын үй құрылысын несиелеу және қаржыландыру схемасын ұйымдастыруға қатысу;

      2) құрылыс саласына инвестициялар тарту және тұрғын үй нарығын дамыту үшін жағдайларды жақсартуға қатысу;

      3) әлеуметтік, инженерлік объектілермен және көлік инфрақұрылымдарымен қамтамасыз ете отырып, қалалық аумақтың және шағынаудандардың ұтымды тұрғын үй құрылысы;

      4) құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысу және объектілердің құрылысының және пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      5) отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын жағдайлар қалыптастыру, жаңа құрылыста инвестициялардың тиімді пайдаланылуы.

      15. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары 2001 жылғы 23 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздан бастап "Мемлекеттік мүлік туралы" және 2001 жылғы 16 шілдеден бастап "Қазақстан Республикасындағы саулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына сәйкес анықталған:

      1) құрылыс саласындағы Алматы қаласы әкімдігінің іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу және олардың іске асырылу барысын бақылау;

      2) инженерлік ізденістер, жобалау, құрылыс, қайта жаңарту, қалпына келтіру, жаңғырту, объектілерді, кешендерді және инженерлік инфрақұрылымды күрделі жөндеу және көріктендіру;

      3) мемлекеттік тұрғын үй саясатын, сондай-ақ өз құзыретінің шеңберінде тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру барысына қатысу;

      4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау және салу, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігіне берілетін сыртқы қарыздарына және басқа да көздерге мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;

      5) инвестициялық бағдарламаларды және жобаларды, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу;

      6) өз құзыретінің шегінде құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша құрылыс ұйымдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      7) өз құзыретінің шегінде құрылыс индустриясының құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      8) аумақтарды қала құрылыстық игеру, мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысы, қайта жаңарту, қалпына келтіру, жаңғырту, күрделі жөндеу және көріктендіру кезінде техникалық қадағалау және тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      9) құрылыс саласындағы әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктермен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта болу;

      10) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

      11) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі мәселелерді қарастыруға қатысу;

      12) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарау, келісу және бекіту;

      13) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын талдау және бақылауды жүзеге асыру;

      14) оған оралымды басқаруға берілген коммуналдық мүлікке иелік ету және пайдалану (басқарусыз) құқығын жүзеге асыру;

      15) гендерлік аспектілерді қарау;

      16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      16. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыретінің шегінде "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құқылы:

      1) қала аумағында құрылыс саласындағы Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары жобаларын және басқа да актілерді қарастыруға енгізуге;

      2) белгіленген тәртіпте шартты негізде өндіріс, ғылыми-зерттеу және жобалау-құрылымдық ұйымдардың басқа да салалар мамандарын сарапшылар ретінде тартуға;

      3) құрылыс саласының мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, сараптау және басқа да құрылыс құруға;

      4) Басқарманың құзыреті шеңберінде кәсіпорындардың және басқа да ұйымдардың қызметіне талдау жүргізуге, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге;

      5) жүктелген функцияларды орындау мақсатында заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасауға;

      6) белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекемелерден, заңды және жеке тұлғалардан ақпарат сұрауға;

      7) белгіленген тәртіпте азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, ұсыныстарын, шағымдарын қарауға қатысуға;

      8) өз құзыретінің шегінде қала әкімдігінің мүдделерін соттарды, өзге де мемлекеттік билік органдарында білдіруге;

      9) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.

3. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

      19. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық жасайды және ұйымдастырады;

      2) "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім бастықтарының және өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;

      4) заңнамаға сәйкес "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза белгілейді;

      6) өз өкілеттігінің шегінде бұйрықтар шығарады;

      7) "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережені бекітеді;

      8) "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;

      9) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.

4. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру

      25. "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Управление строительства города Алматы"

Постановление акимата города Алматы от 24 октября 2014 года № 4/874. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 17 ноября 2014 года № 1099. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 26 марта 2019 года № 1/194

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 26.03.2019 №1/194 (вводиться в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление строительства города Алматы" в установленном законодательством порядке:

      1) известить органы юстиции города Алматы о внесенных изменениях в его Учредительные документы;

      2) обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Алматы.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Б. Сауранбаева.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.


Аким города Алматы

А. Есимов



  Утверждено
  постановлением акимата
  города Алматы
  от 24 октября 2014 года № 4/874

Положение
о коммунальном государственном учреждении "Управление строительства города Алматы"
1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере строительства на территории города Алматы.

      2. Коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента, Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, постановлениями акимата города Алматы, решениями и распоряжениями акима города Алматы, а так же настоящим Положением.

      3. Коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" является юридическим лицом в организационно-правовой форме коммунального государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан и счета в органах казначейства.

      4. Коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" имеет право выступать стороной гражданско–правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности, коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" утверждается в соответствии с действующим законодательством.

      8. Место нахождения коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы": 050001, город Алматы, Бостандыкский район, площадь Республики, 4.

      9. Полное наименование коммунального государственного учреждения:

      на государственном языке: "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы", учредителем является акимат города Алматы.

      11. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" осуществляется из местного бюджета.

      12. Коммунальному государственному учреждению "Управление строительства города Алматы" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы"

      13. В соответствии с подпунктом 5) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности" определена миссия коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" - реализация государственной политики и осуществления координации в области строительной деятельности на территории города Алматы.

      14. Задачи коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" определены статьей 12 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности":

      1) участие в организации схемы финансирования и кредитования жилищного строительства;

      2) участие в улучшении условий для привлечения инвестиций в строительную отрасль и развитие рынка жилья;

      3) рациональная жилая застройка городской территории и микрорайонов с обеспечением объектами социальной, инженерной и транспортной инфраструктур;

      4) участие в защите прав потребителей строительной продукции, обеспечение надежности и безопасности строительства и эксплуатации объектов;

      5) формирование условий, стимулирующих повышение качества и конкурентоспособности отечественной проектной и строительной продукции, эффективность использования инвестиций в новом строительстве.

      15. Функции коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" определены в соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан":

      1) разработка программ действий акимата города Алматы в области строительства и контроль за ходом их реализации;

      2) участие в разработке нормативных актов в области инженерных изысканий, проектирования, строительства, реконструкции, реставрации, модернизации, капитального ремонта и благоустройства объектов и комплексов и инженерной инфраструктуры;

      3) участие в процессе реализации государственной жилищной политики, а также в пределах своей компетенции программ жилищного строительства;

      4) организация проведения конкурсов государственных закупок на проектирование и строительство объектов, финансируемых за счет средств государственного бюджета, внешних займов, предоставляемых под правительственные гарантии Республики Казахстан, и других источников;

      5) принятие участия в разработке инвестиционных программ и проектов, а также годовых планов по реализации стратегии социально-экономического развития города Алматы;

      6) координация в пределах своей компетенции деятельности других государственных органов и строительных организаций по выполнению инвестиционных программ в области строительства;

      7) осуществление координации деятельности строительных организаций и предприятий стройиндустрии в пределах своей компетенции;

      8) осуществление функции заказчика и технического надзора при градостроительном освоении территорий, строительстве, реконструкции, реставрации, модернизации, капитальном ремонте и благоустройстве объектов и комплексов, финансируемых за счет средств государственного бюджета;

      9) сотрудничество с общественными объединениями и иными организациями в целях разработки социальной, экономической и технической политики в области строительства;

      10) участие в разработке мероприятий по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера.

      11) участие в рассмотрении вопросов по реализации гендерной политики;

      12) рассмотрение, согласование и утверждение планов развития коммунальных государственных предприятий и отчетов по их исполнению;

      13) осуществление контроля и анализа выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий;

      14) осуществление права владения и пользования коммунальным имуществом (без распоряжения), которое передано ему в оперативное управление;

      15) рассмотрение гендерных аспектов;

      16) иные права в соответствии с действующим законодательством.

      16. В соответствии с возложенными задачами и в пределах своей компетенции коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" имеет право:

      1) вносить на рассмотрение проекты постановлений акимата города Алматы и других актов в области строительства на территории города;

      2) привлекать в установленном порядке на договорной основе в качестве экспертов специалистов других отраслей производства, научно-исследовательских и проектно-конструкторских организаций;

      3) создавать научно-методические, научно-технические, экспертные и иные советы, рабочие группы по вопросам строительной отрасли;

      4) проводить анализ деятельности предприятий и иных организаций в пределах компетенции Управления, разрабатывать и вносить предложения по совершенствованию их деятельности;

      5) заключать договоры с юридическими и физическими лицами в целях выполнения возложенных функций;

      6) запрашивать и получать в установленном порядке информацию от государственных учреждений, юридических и физических лиц;

      7) участвовать в установленном порядке в рассмотрении заявлений, предложений, жалоб граждан и организаций;

      8) представлять в пределах своей компетенции интересы акимата города в судах, иных органах государственной власти;

      9) осуществлять управление переданным ему имуществом;

      10) осуществлять иные полномочия, предоставляемые законодательными актами Республики Казахстан.

3. Организация деятельности коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы"

      17. Руководство коммунальным государственным учреждением "Управление строительства города Алматы" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.

      18. Первый руководитель коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" назначается на должность и освобождается от должности распоряжением акима города Алматы.

      19. Первый руководитель коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" имеет заместителей, назначаемых на должность и освобождаемых от должности в установленном законодательством порядке.

      20. Полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы":

      1) организует и руководит работой коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы";

      2) определяет обязанности и полномочия своих заместителей и руководителей отделов коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы";

      3) принимает меры, направленные на противодействие коррупционным правонарушениям и несет персональную ответственность за принятие данных мер;

      4) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы";

      5) в установленном законодательством порядке поощряет, налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы";

      6) издает приказы в пределах своих полномочий;

      7) утверждает структуру коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" и положение об отделах коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы";

      8) представляет коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" в государственных органах, иных организациях;

      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.

      Исполнение полномочий первого руководителя коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      21. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы"

      22. Коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущество (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за коммунальным государственным учреждением "Управление строительства города Алматы", относится к коммунальной собственности.

      24. Коммунальное государственное учреждение "Управление строительства города Алматы" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы"

      25. Реорганизация и ликвидация Коммунального государственного учреждения "Управление строительства города Алматы" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.