Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 1-1 бабына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХV сессиясының 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 277 «Алматы қаласының елтаңбасы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 838 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 ақпанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласының елтаңбасын пайдалану Ережесіндегі:
1 тармақта:
«жеті» деген сөз тиісінше «сегіз» деген сөзімен ауыстырылсын.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Ж. Пірәлиевке және Алматы қаласы әкімінің орынбасары З.Ж. Аманжоловаға (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған |
С. Пірәлиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Алматы қаласы әкімінің
орынбасары З. Аманжолова
«Алматы қаласы
мәдениет басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы Қ. Көлбаев
Алматы қаласы әкімі аппаратының
заң бөлімінің басшысы А. Қасымова