"Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар белгіленсін:
1-қосымшаға сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлерi;
2-қосымшаға сәйкес отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялар нормалары;
3-қосымшаға сәйкес тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялар нормалары.
2. "2014 жылға арналған басым дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар нормаларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 143 қаулысының (2014 жылғы 3 маусымда "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 болып тіркелді) күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2014 жылғы |
А. Мамытбеков |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 322 қаулысына 1-қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлерi
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 12.08.2015 N 299 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 322 қаулысына 2-қосымша |
Өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) субсидиялар нормалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 09.04.2015 N 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 322 қаулысына 3-қосымша |
Тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) субсидиялар нормалары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 12.08.2015 N 299 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).№ р/с | Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерi | Өлшем бірлігі | Бір бірліктің құнын арзандату пайызы, дейін | Бір бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге |
1. | Карбамид (N-46,3%) (Ресей, Өзбекстан) | тонна | 30 | 28 200 |
2. | "Б" маркалы карбамид (N – 46,2% кем емес) (Ресей) | тонна | 30 | 21 000 |
3. | КАС (сұйық тыңайтқыш (N-27-33%) (Өзбекстан) | тонна | 30 | 16 500 |
4. | Капролактамды аммоний сульфаты (N-21%) (Өзбекстан) | тонна | 30 | 17 700 |
5. | Аммоний сульфаты (N-21%) (Ресей) | тонна | 30 | 13 200 |
6. | Нитроаммофоска (N-15%; P2О5-15%; К2О -15%) (Ресей) | тонна | 30 | 36 000 |
7. | Нитроаммофоска (N-16%;P2О5-16%; К2О -16%) (Ресей) | тонна | 30 | 28 500 |
8. | Аммофос (N-12%:P2О5-52%) (Ресей) | тонна | 30 | 42 000 |
9. | Аммиак селитрасы (-34,4%) (Өзбекстан) | тонна | 30 | 20 700 |
10. | ЕДТА mix хелат түріндегі микроэлементтердің суда еритін қоспасы (Mn-4%. Fe-4%. Cu-1.5%. B-0.5%. S-2%) (Қытай) | килограмм | 30 | 560,7 |
11. | NBROISP құнарлы тыңайтқышы (табиғи брассионолид) (N-5%; P2О5-1%; К2О -10%; MgO-0,2;Mn-0.5%;Zn-0,2%) (Қытай) | килограмм | 30 | 10 933 |
12. | Құрамында 55%-дан астам калий бар сұйық түрдегі құнарлы минералды тыңайтқыш (Қытай) | литр | 30 | 650 |
13. | Дәнді дақылға арналған "Нутривант Плюс" минералды тыңайтқышы (Израиль) | килограмм | 30 | 450 |
14. | Майлы дақылға арналған "Нутривант Плюс" минералды тыңайтқышы (Израиль) | килограмм | 30 | 450 |
15. | Картопқа арналған "Нутривант Плюс" минералды тыңайтқышы (Израиль) | килограмм | 30 | 450 |
16. | Күрішке арналған "Нутривант Плюс" минералды тыңайтқышы (Израиль) | килограмм | 30 | 450 |
17. | Әмбебап "Нутривант Плюс" минералды тыңайтқышы (Израиль) | килограмм | 30 | 450 |
18. | Krista SOP Калий Cульфаты суда еритін тыңайтқышы (Нидерланды) | тонна | 30 | 80 400 |
19. | Krista MgS Магний Cульфаты суда еритін тыңайтқышы (Нидерланды) | тонна | 30 | 53 700 |
20. | Krista MAG Магний Нитраты суда еритін тыңайтқышы (Нидерланды) | тонна | 30 | 69 300 |
21. | Krista K Plus Калий Нитрат суда еритін тыңайтқышы (Нидерланды) | тонна | 30 | 102 600 |
22. | MKP Фосфат монокалийі суда еритін тыңайтқышы (Нидерланды) | тонна | 30 | 159 000 |
23. | Kristalon Brown 3-11-38 микроэлементтері бар суда еритін NPK тыңайтқышы (Нидерланды) | тонна | 30 | 162 000 |
24. | YaraVitaRexolin D12 Хелат темір DTPA суда еритін микроэлементтері (Нидерланды) | килограмм | 30 | 804,9 |
25. | YaraVitaRexolin Q40 Хелат темір EDDHA суда еритін микроэлементтері (Нидерланды) | килограмм | 30 | 745,5 |
26. | YaraVitaRexolin Cu Хелат мыс EDTA суда еритін микроэлементтері (Нидерланды) | килограмм | 30 | 803,7 |
27. | YaraVitaRexolin Mn13 Хелат марганец EDTA суда еритін микроэлементтері (Нидерланды) | килограмм | 30 | 594 |
28. | YaraVitaRexolin Zn15 Хелат мырыш EDTA суда еритін микроэлементтері (Нидерланды) | килограмм | 30 | 594 |
29. | YaraVitaTensoCoctail микроэлементтерінің суда еритін қоспасы (Нидерланды) | килограмм | 30 | 799,5 |
30. | YaraVitaRexolin APN микроэлементтерінің суда еритін қоспасы (Нидерланды) | килограмм | 30 | 761,7 |
31. | YaraVitaRexolin ABC микроэлементтерінің суда еритін қоспасы (Нидерланды) | килограмм | 30 | 636,9 |
32. | YaraLivaBrassitrel микроэлементтерінің суда еритін қоспасы (MgO 8.3. SО3 28.75. B 8. Vn 7. Mo 0.4) (Нидерланды) | килограмм | 30 | 367,5 |
33. | Калий сульфаты (Қытай) | килограмм | 30 | 123 |
34. | Магний сульфаты (Қытай) | килограмм | 30 | 78 |