"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аудандық өкілетті және атқарушы органдар ойын ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныс аударған Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі таратылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді деректер есебінен шығаруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының |
Е. Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан |
Е. Мәмбетов |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Қ. Едіресов |
Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы "12" желтоқсандағы № 471 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2014 жылғы "12" желтоқсандағы № 31/7 шешіміне қосымша |
Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныс аударған, Солтүстік Қазақстан облысының таратылған әкімшілік-аумақтық бірлігінің тізбесі
Реттік № |
Аудандардың атауы |
Ауылдық округтер атауы |
Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныстанған, әкімшілік-аумақтық бірліктер атауы |
1 |
Айыртау |
Казан |
Грачевка |
2 |
Айыртау |
Гусаков |
Малосергеевка |
3 |
Айыртау |
Қаратал |
Сарыөзек |
4 |
Айыртау |
Антонов |
Тереңкөл |
5 |
Айыртау |
Сырымбет |
Юдинка |
6 |
Есіл |
Яснов |
Карабеловка |
7 |
Тайынша |
Теңдік |
Бірлік |
8 |
Тайынша |
Теңдік |
Көзашар |
9 |
Тайынша |
Большеизюмов |
Кеңес |
10 |
Мамлют |
Станов |
Пробуждение |
11 |
Мамлют |
Станов |
Аялдау стансасы 2574 км |